15 жыл бұрын қайтыс болған адамның өлімі туралы анықтаманы алуыма бола ма?
Анам 1997 жылы қайтыс болған. Оның өлімі туралы анықтаманы ағайындарымның алған-алмағанын білмеймін. Анамыздың көп баласының бірі ретінде сол куәлікті қазір, арада 15 жыл өткенде алуға бола ма?
Асқар, Атырау облысы
ҚР Әділет министрлігі мамандарының мәліметінше, ҚР «Неке және отбасы туралы» кодексінің 273-бабына сәйкес, өлім мемлекеттік тіркеуге алынғаннан кейін марқұмның жақын туыстарына, оның мұрагерлері қатарына жататындарға, марқұмды қамқоршылығына алған азаматтарға, сол сияқты қайтыс болған адам орналасқан мемлекеттік мекемелердің (қарттар үйі, түзеу мекемесі, уақытша бейімдеу орталығы т.б) әкімшілігі өкілдеріне азаматтың қайтыс болғаны туралы анықтама берілуі тиіс. Сол себепті анаңыздың соңғы тұрғылықты мекенжайы бойынша сіздің тіркеу органына өтініш білдіруге құқыңыз бар.