Жуырда теледидардан еліміздегі теміржол бекеттерінен тегін ақпарат алуға болатын бірыңғай телефон желісі іске қосылғанын естідім. Оның нөмірі қандай?
Мұхаммед Ерсайын, Ақтөбе қаласы
«Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы өкілдерінің хабарлауынша, теміржол бекеттерінде бірыңғай анықтамалық қызмет желісі маусымның бірінен бастап іске қосылды. Оның нөмірі – «105». Телефон желісі Ақтау, Атырау, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Тараз, Шымкент, Орал, Семей, Арыс, Аягөз, Түркістан, Түлкібас, Шу және Сарышаған қалаларындағы вокзалдарда енгізілді. Ал үлкен көлік торабы саналатын Астана, Алматы, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында мұндай байланыс қызметі бұрыннан бар. Жолаушылар пойызы қозғалыстарына қатысты барлық ақпаратты осы желі арқылы алуға болады. Ұлттық теміржол компаниясы мамандарының айтуынша, жалпыға ортақ бірыңғай байланыс жүйесіне әлі 112 бекет қосылмақ.
«105» қандай қызмет?
Последние статьи автора