Адамдарға "үйден шықпа, вирустың таралуына атсалыспа" деп айта беріп шаршап кеттім. "Билік пен дәрігерлер ауру еместі ауру қылып көрсетіп жатыр. Мұның бәрі саясат" дегенге сеніп отыра берген дұрыс сияқты. Ешкімге ештеңе дегім келмейді. Карантин ертерек бітсе екен. Адамдар қуып кетпей тұрғанда, жұмысқа шықса екен. Ең қиын нәрсе - осылай отыра берсек, нан тауып жеуіміздің өзі мұң болады. Сондықтан адамдардың үйде тыныш отырып пәлекетті жеңгенін қалап едім... Бірақ біздің халықтай сөз түсінбейтін халық жер бетінде жоқ шығар... Бір сөз айтса, міндетті түрде оған қарсы дау айтып шығады. Өте қиын халық екенбіз. #Карантин #Үйдеотыр
Инстаграм парақшасынан