"Үйреніп қалдық": Төреғали Төреәлінің үлкен қарындасы болған жағдайға қатысты пікір білдірді
Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Төреғали Төреәліні есірткіге мас күйде Алматы полициясы ұстаған болатын. Әншінің кіші қарындасы сол күні ағасын жақтайтынын айтып, көпшіліктен "тілін қышытпауды" сұрады. Ал Төреғалидің үлкен қарындасы болған оқиғаға қатысты пікірін бүгін Instagram желісінде бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Алда кімді не күтіп тұрғаны, ертең не болары, кімнің қандай жағдайға тап болары белгісіз. Ешкім кепілдік бермейді. Сондықтан артық сөздің керегі жоқ. Анама дейін тіл тигізіп, артық кетуде. Шыны керек, дәл қазір маған ең маңыздысы - жақындарымның амандығы. Біз мықтымыз. Мықты болғасын да осындай деңгейге жеттік. Алла көтере алатын адамға ғана сынақ береді. Осы уақытқа дейін түрлі сөзді көтеріп келеміз. Үйреніп қалдық қой", - деді Фариза Төреәлі.
Айта кетейік, Төреғали Төреәлінің адвокаты оқиға болған сәтте әншінің жанында әйелі Толқын болғанын және оның аяғы ауыр екенін атап өткен болатын. Естеріңізге сала кетейік, күні кеше әлеуметтік желіде Lexus көлігі жүргізушісінің ұсталған сәті тарап кетті. Оқиға куәгерлері ұсталған азаматты қазақстандық танымал әнші екенін айтуда. Ал кейінірек бұл ақпаратты полиция растап, мәлімдеме жасады. Ал кешірек әнші Төреғали Төреәлінің 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.