Тоқтар Серіков:"Осы қоштасу уақыты келерін біліп қорқып жүретінмін"
Не деп жазарымды білмеймін. Осы қоштасу уақыты келерін біліп қорқып жүретінмін. Анамнан айырылып қалу мен үшін, менің әулетім үшін,менің балашағам үшін үлкен қайғы болды. Соңғы сағатына дейін қасында отырдым. Анашыммен қыймай қоштасттым. Мен үшін ең ауыр осы бір сәт болды.
Құрметті ағайын біздің әулетіміздің қайғысына ортақтасқандарыңыз үшін басымды иіп рақмет айтам. Қайғыны бөліссең азаяды деген сөз тегін емес екен. Көптеген көңіл білдірген ел азаматарының хабарын алып сабырға келдім. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мырза анамыздың қайғысына көңіл айтып жедел хат жолдады. Иә менің анамның осындай ел құрметіне бөленгені ұрпағы үшін үлкен мәртебе. Баршаңызға Алла разы болсын. Ел ана аман болсын.
Инстаграм парақшасынан