Толқын Забирова алғаш рет күйеуін көрсетті
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Толқын Забирова алғаш рет 26 жыл отасқан жұбайы туралы жан сырын ақтарды. Өнер иесі үш ұлының әкесі жайлы Instagram парақшасында айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
"Біреу білсе, біреу білмейтін шығар, өмірлік жарыммен Алла қосқанына 26 жыл болды. Үш ұлымыз дүниеге келді. Бізді қосқан - өнер жолы. Махаббат пен өнер ұлт таңдамайды, жүрек таңдайды. Иә, ұлты қазақ болмағанымен, қазақ жерінде өмірге келді. Қазақ өнеріне қосқан үлесі ұшан-теңіз. Аттарын атамай-ақ қояйын, өздеріңіз сүйіп тыңдайтын өнерпаздың көбісі жолдасымның қолдауымен танымал болды. Адамгершілігі, жанының тазалығы, кең жүрегі болмаса, мен жанынан табылар ма едім? Одан да әр ару өз теңін тауып, бақытты болсын деп тілейік", - деді Забирова.
Сонымен қатар Толқын Забирова өзіне сын айтатын көпшілікке де жазба арнады. "Таңдай соғып отырғандарға айтарым, мен үшін алаңдамай-ақ қойыңыз. Мен бақытты әйелмін. Адамды ұлты арқылы емес, ісінен бағалау абзал", - деп жазды Толқын Забирова.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz