"Қазақтың бағына туған": Альбина Шардарова Төреғали Төреәлінің ісіне қатысты пікір білдірді

"Қазақтың бағына туған": Альбина Шардарова Төреғали Төреәлінің ісіне қатысты пікір білдірді

Күні кеше отандық әнші Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйде полицияға ұсталған болатын. Кейінірек әнші 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Ал әнші Альбина Шардарова желіде осы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, Instagram желісінде оқырмандарының қызу талқысына түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

"Бір күндік бір міні болғанымен, сегіз қырлы бір сырлы Төреғали ұлдарыңыз қазақтың бағына туған. Оны мойындау керек. Ұлылардың басына нелер келіп, не кетпеген? Өнерде үлгі тұтар керемет отбасы өсірген Төреғали - көріп-біліп, араласып жүрген біздер үшін құрметтерлік тұлға, аға. Нағыз қазақ әке мен текті ананың ұрпағы. Алла бұл сынақтан да өткізер!. Халықтың "жаралы жүрегіне" уақыт емші. Бәрі жақсы болады", - деп жазды Альбина Шардарова.

Ал желі қолданушылары заңның бәріне ортақ екенін айтып, Альбина Шардарованың жазбасына келіспейтінін жеткізді. "Қазақтың бағына туған деп айтатындай, не істеп, не еңбегі сіңіп жүр еді? Жасағаны ақтайтындай тірлік емес. Сондықтан олай жағымпазданып, сөзін сойлеудің тіпті қажеті жоқ", "Маңдайға біткен болса, үлгі көрсетсін", "Жылда бір былығымен көзге түседі. Атың шықпаса, жер өрте". "Қалай жақтап жазып отырсың? Ұят нәрсе", "Бір емес, екі емес, жетер енді. Сабасына түсіру керек", "Заң бәріне ортақ", "Қазақтың бағына туған деп Димашты айту керек", "Қарға қарғаның көзін шұқымайды деген. Бір-бірін жақтап әлек", "Неге жақтап отырғаныңды түсінбедім. Ер адам болса, кінәсін мойындап, өз ісіне жауап берер", "Альбина, қоя салшы. Ұят қой сенікі", "Осымен нешінші рет мұныкі? Өтірік жақтамаңдаршы", "Одан да үндемеңіз. Оны жақтаудың да, ақтаудың да орны бар. Бірақ бұл жолы емес", - деп жазды желідегілер. 

KAZ.NUR.KZ. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста