Қайрат Нұртас пен әнші Сырым Исабаев ұзақ жылдан кейін қайта кездесті

Қайрат Нұртас пен әнші Сырым Исабаев ұзақ жылдан кейін қайта кездесті

Кезінде қалың көпшілікке хит әндерімен жақсы танылған Сырым Исабаев бүгінде сахнадан алшақтағанымен, әлеуметтік желіде белсенді. Ол күні кеше досы әрі әріптесі Қайрат Нұртаспен жүздескен сәтін жеке парақшасына жүктеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Ескі досымен жолыққан Сырым Қайрат Нұртаспен түскен ерекше сәттегі фото-естелікті Instagram-ға салыпты.

 

Бауырларым, — деп жазды Сырым Исабаев.

 

Instagram

 

Айта кетейік, бұрын Қайрат Нұртас пен Сырым Исабаев шоу-бизнестегі шоқтығы биік жұлдызды дуэттердің бірі еді. Олар қосыла шырқаған "Қос жүрек", "Бекер-ақ жолыққан екенбіз", "Жас дәурен" әндері сол бір кезеңде хит шерулердің көшін бастап, екі достың атағы аспандап тұрған еді.

 

Кейін Қайрат жеке шығармашылық жұмысын қолға алады, ал Сырым сахнамен қош айтысады. Ұзақ жылдардан кейін қайта қауышқан екі достың бірге түскен суреті желіде қызу талқыланып жатыр.

 

"Сізді қатты сағындық. Сахнаға қашан шығасыз?", "Қайрат екеуіңді қайта бірге көрген күшті екен, балалық еске түсті", "Кезінде хит едіңіздер ғой", "Дуэт жазыңыздар", "Сенің сахнаға шықпауыңа себепші Қайрат пен анасы сияқты ғой", — деп жазды тыңдармандары.

 

Сырымның өнерден қол үзуіне түрлі себеп пен қауесет көп. Мәселен, оның шоу-бизнестен кетуін Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбековамен байланыстырады. Ал атышулы продюсер бұрын қол астында жұмыс істеген Исабаевқа қатысты отандық бағдарламалардың бірінде өз жауабын айтқан еді.

 

"Өзімнің басқа жұмыстарымды істесем, мен өмір-бақи әнші болып жүре алмаймын. Шаршап қаламын" деп жүрді. Өзінің бизнесі бар. Оның үстіне құлшылық етіп жүр. Басқа жол таңдады. Бірақ, бәрібір жүрегінде ән болған соң, түбі қайтадан шығады деп ойлаймын, — деді Гүлзира Айдарбекова.

 

instagram.com/kair_n

 

Кезінде Қайрат пен Сырымға түрлі хитті жазған сазгер Бауыржан Есебаев отандық БАҚ-қа берген кезекті сұхбатының бірінде Исабаевтың әншілікпен қоштасуына қатысты өз нұсқасын айтыпты.

 

"Сырым бизнеске кетті. Маған ең соңғы келген кезінде өзі бір қатты қиналып жүрді. Немен қиналып жүргенін білмедім, енді. Ол өнерден өз жолын таба алмады ма? Сол бір уақытта келді де, "аға, егер жақсы әндеріңіз болып жатса, хабарласыңыз. Мен өнерден кетіп бара жатырмын. Бәріңізге рахмет" деп кетті. Сосын артынан звондап "қандай әндер керек" деп едім, "діни әндер" болса деді. Соған қарағанда ол біз білмейтін бір мәселелермен қиналып жүрген болар деп ойлаймын, өзім. Одан кейін ешқандай сахнадан да, әлеуметтік желіден де таппадым Сырымды", — деді Есебаев.

 

Сондай-ақ Сырым Исабаев өнер жолындағы жүрген жылдары қазақ киноөндірісіне де өз үлесін қосты. Ол өзі басты рөлді сомдаған "Алып қашу операциясы" фильмін түсірді. БАҚ беттерінде оның отбасы құрғаны да жазылған. Алайда кезінде хит әнші атанған Сырым шоу-бизнеске қайта орала ма, жоқ па әзірге белгісіз.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста