Гүлсім Үсенқызы:""Күйеуіңді миллионер қыл", "Миллион табуды үйретемін" деген тақырыптар қазір біздің елге өтімді"

Гүлсім Үсенқызы:""Күйеуіңді миллионер қыл", "Миллион табуды үйретемін" деген тақырыптар қазір біздің елге өтімді"

"Күйеуіңді миллионер қыл", "Миллион табуды үйретемін" деген тақырыптар қазір біздің елге өтімді. Өйткені қарыз бен кредитке белшесінен батқан жұрт, қиындықтан шығудың жолын іздеп, көрінген курсқа тіркеледі.

Соны білген маркетинг мықтылары осындай тақырыптармен түрлі марафондар, сабақтар жасайды. Бірақ бір нәрсені ұмытпау керек.

Дүниенің басты байлығы—ДЕНСАУЛЫҚ! Үйі алтынмен апталып, күміспен қапталғанымен денсаулығы жоқ қаншама науқас бар. Бір сәбидің иісіне зар болып жүрген қаншама белді кісілермен жүздесіп жүрмін. Тіпті мына инстаграмда атақты деген жастардың көбісі —жылдар бойы бір сәбидің иісін аңсауда. Сондықтан барға шүкірлік айтуды ұмытпау керек!

Жақында "балаға массаж" сабағын өткізген болатынмын. 400 қыз-келіншек қатысты. Бәріне 10 күн өткен соң, қанша күн жасадыңыздар деп сұрасақ, Жүз шақты ана ғана 7 күн үзбей жасаған. Қалғандары басқа курсы, сабағы т.б. себептермен әлі толық жасамапты. Міне! Біздің келіншектердің жауапсыздығы!

Үйге береке, байлық келуі үшін —ӘЙЕЛДІҢ, ЕРДІҢ, БАЛАНЫҢ денсаулығы жақсы болу керек. Қазір балаңды емдетіп, қаратпасаң, ертең түрлі ақаумен жүреді. Аурушаң болады!

Менің сабағыма қатысқан адамға емес, көрген емдерді жасаған адамға ғана ризамын! Сабақты көру—емделу емес! Емделу деген—айтқан емді 10 күн үзбей жасау. Ал жасаған ем АЛЛА БҰЙЫРСА НӘТИЖЕ береді.

Әсіресе, "Айтылмайтын әңгіме" сабағынан қарасаң, әр екінші келіншектің женскийден проблемасы бар. Бірақ ақша жоқ, уақыт жоқ деп емделмей жүр. Көрінген психологтың тренингіне емес, гинекологке барып емделіңіздер! Ертең елуге келгенде зәр ұстамай, ұл—қыздарыңыздың алдында ұялып отырмайтындай, қазірден қаралыңыздар!Ондай жағдайда ешқандай аффирмация, мантра көмектеспейді. Тіпті кеше "Геморрой" тақырыбында жекеме жазған хаттарды оқып, жағамды ұстадым.

Алла қаласа кешке "Еріңізді емдеңіз" курсым басталады. Курске әйелдер қатысады. Біздің қазақтың жігіттері дәрігерге баруды намыс көреді. Ауырғанын білдірмей жүреді. Сол үшін әйелі қолдап, жағдайын жасаса екен деген ниет.

Шыныңызды айтыңызшы, соңғы рет дәрігерге қашан бардыңыз? 

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста