Динара Болат:"Бәрі дұрысталғанда қаумалайтын екіжүзді жұрт қой ол"
ӨЗІҢЕ РҰҚСАТ БЕРУ
“Осы Динара Болат ерігіп, ылғи қияли болып жүреді” дейтін шығарсыздар. Мүмкін. Бірақ, көп жақсы қыз-келіншектің оқиғаларын тыңдап, естіген сайын өзіме деген махаббат күшейе түседі. Әрине, мен де сіздер секілді тамақ дайындаймын, үй шаруасын істеймін, өз қажеттілігіме ақша табамын. Тек айырмашылығы сол көп жақсы сезімге
ӨЗІМЕ РҰҚСАТ БЕРЕМІН. Себебі
Үй тірлігі ешқашан бітпейді.
Дүниенің соңына ешкім жетпеген.
Балаң ертең өседі де кетеді.
Біреуді құлап жақсы көріп,
Біреуге құлай қызмет етіп ешқашан алғыс алмайсың.
Бұл әлем бұған дейін бізсіз болған,
Бізсіз де бола береді.
Бізсіз де күн атып, күн батады.
Жұрттың сөзі? Жұрт мен қиналғанда жанымда болмаған. Бәрі дұрысталғанда қаумалайтын екіжүзді жұрт қой ол.
Сондықтан,
Әйелдің құлпырған жасы мен әженің жасындағы сезімі, қуанышы мүлдем бөлек. Біз өзімізге ғана аманатпыз. Еркелейтін, қуанатын күн кейін емес. Қазір