Депуттардың, министрлердің тойында ән салғызып, ақшамды бермей қойды - Айшолпан Тілеутай

Депуттардың, министрлердің тойында ән салғызып, ақшамды бермей қойды - Айшолпан Тілеутай

Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай экс-продюсері Мөлдір Мұқанова туралы бар шындықты жайып салды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

 

"Мен бұған жауап бермейін деп едім, бірақ оқырмандардың сұранысы бойынша жауап беруге тура келді. Барлықтарыңыз көрдіңіздер, менің бұрынғы продюсерім атақты әзілкеш Тұрсынбек Қабатоватың әйелі Мөлдір ханым маған жала жауып, сұхбат берген.

Барлықтарыңыз көрдіңіздер.

Жанындағы журналистер менің дене-бітіміме тиісіп, үстімнен мысқылдап күліп отырғандарын көріп менің қатты намысым ұстап, жүрегім ауырды. Менің намысым бар, ешкімге өзімді таптатпайтын қызбын. Өткен жолы айтқанымдай, мен ешкімнен қорықпаймын, кімнің жары болсаңыз да.

Астанаға арман қуып келдім. Жас болған соң, бойымда жалын болған соң Астанаға келген болатынмын. Әкем күзетші, анам ұстаз. Сіздер сияқты асып-тасып жатқан байлықтары жоқ. Ата-анаманың үмітін ақтау үшін Астанаға келдім.

Мөлдір ханымға жылап-еңіреп бармадым, Мөлдір ханым маған келіп жұмыс істеуді ұсынды. Астанада мені қолдайтын адам бар екен, қорғайтын адам бар екен деп келісім-шартқа отырдық. Ол келісім шартта Тұрсынбек аға мен Мөлдір ханым мені әзіл әлеміне шығару керек болатын, киноға түсіру керек болатын, киіммен қамтамасыз ету керек болатын, концерттермен қамтамасыз ету керек болатын және ай сайын айлығымды уақытында төлеп отыру керек болатын.

Өкінішке орай, бұл кісілер бес тараптың біреуін де орындаған жоқ. Мені жаз бойы байлардың тойына, депуттардың тойына, министрлердің тойына тегін салып, соңында ақшамды бермей қойды. Бір минист ағамыз домбыра сыйлаған еді, ол домбыраны Мөлдір ханым "саған бере алмаймын, мен арқылы алдың" деп өзінің үйіне қойып қойды.

Осындай адамдармен қалай жұмыс істеймін деп телефонымды алмай қойдым. Мен тек бір Алладан ғана қорқамын, басқа ешкімнен қорықпаймын. Қай жерде жұмыс істесе де, кімнің әйелі болса да.

Сондықтан Мөлдір ханым, Тұрсынбек аға, маған төлемеген айлықтарыңызбен байып кете қойыңыздар. Аман болыңыздар, бірақ та менің мазамды алмаңыздар. Аяқтан шалмаңыздар. Өтірік айтып, байбалам салмаңыздар.Сау болыңыздар, қазақ елі әділдікті сүйеді", - деп сөзін аяқтады айтыскер ақын.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста