«Ажырасып қайта қосылуға болмайды»: Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленетінін айтты

«Ажырасып қайта қосылуға болмайды»: Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленетінін айтты

Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленетінін айтты. Алайда әзілкеш әлі де жар таңдау үстінде. Ақботамен қайта қосылмайтынын айтқан ол некені мазақ етуге болмайтынын айтты. Одан бөлек бірінші әйелімен, балаларымен ара қатынасы жайлы сөз қозғады. 

Айдарқұлов біраз уақыт бұрын Ақбота Сейтмағамбетпен ажырасып кетті. Некенің әншінің тарапынан бұзылғаны белгілі болды. Ақбота біржола кеткенін айтқанымен, Айдарқұов оны ұмыта алмай жүргенін жасырмады. 

Алайда некенің ойыншық емес екенін ескерте келе ол Ақботамен қосылатын ойы жоқ екенін ашық жеткізді. Отбасына қайта оралуға кеңес бергендерге де өз жауабын айтты. 

"Мен Ақботамен қайта қосылмаймын. Екеуміздің табысқанымызды қалап, кеңес беріп, сұрақтың астына алып жатқандарға айтарым - біз енді қосылмаймыз. Себебі шариғат бойынша, неке деген ойнайтын зат емес. Ажырасып, қайта қосыла беруге болмайды. Мен қазір жар іздеп жүрмін. Оны жасырмаймын. Бұйырса, үшінші рет үйленемін. Сонымен бұл тақырыпты жабайық", - деді әзілкеш парақшасында.

Айтуынша, ол қазір бірінші некесімен туған балаларымен бірге.

"Баянгүл күнделікті үйге келіп тұрады. Балалары менің қасымда. Себебі ата-әжесімен бірге болған ыңғайлы. Ал жақсы пәтер табылған соң анасымен де, бізбен де бірге болады. Екінші некедегі балаларымен күнделікті кездесе бермеймін. Себебі екі жақтамыз", - деді ол. 

Әзілкеш желі қоланушыларының сұрақтарына осылай деп жауап берді. 

Айдарқұлов 2021 жылы үйленетінін кесіп айтқан еді. Алайда жар болуға лайықты қызды әлі кездестірмеген көрінеді. Бұған дейін оранған, намаз оқитын, иманды қызға үйленгісі келетінін мойындаған еді.

sn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста