Балиге көшкен Әсел Сәдуақасова сүйіктісі туралы әлеуметтік желіде бөлісті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Еrnur.kz-ке сілтеме жасап.
Ол оқырмандарының “сүйіктіңізбен қалай таныстыңыз” деген сұрағына танысу оқиғасын жазған.
Оның айтуынша, болашақ жарына тән 107 қасиеттің 106-сы қазіргі сүйістісінен табылған. Ал сүйіктісі туралы толығырақ уақыт өте келе айтатынын жеткізді.
Актрисаның жеті жас кіші сүйіктісінің есімі - Мағжан. Ол блогер Арман Юсуповтың “Поток” жобасының негізін қалаушы.
Мағжанның айтуынша, Әсел екеуін Арман таныстырған. Бұл туралы Мағжан оқырмандар қойған сұраққа жауап бергенде жазды.
Әзірге екеуі де ресми түрде жаңалықты жарияламады.