Әлемдегі ерекше мұражайлар....(фото)

Әлемдегі ерекше мұражайлар....(фото)

Жер бетінде небір адам таңғаларлық мұражайлар бар. Олардың ерекшеліктері соншалық тіпті кейбір экспонаттарына қарап шошисың, кейде жиіркенесің, ал кейде тамсанасың. Егер сіз, мұражай өнеріне қызығатын болсаңыз, онда біздің сайттан әлемдегі ең ерекше деген мұражайлардың суретін тамашалаңыз. 

Брюссельдегі іш киімдер мұражайы 

Бұл мұражайға тек қана іш киімдердің кейбір элементтері ғана қойылған деп ойлап қалмаңыз. Мұнда танымал адамдардың іш кимідері олардың портреттегі суреттерінің басына кигізілген. Осылардың ішіндегі ең бағалы экспонат француз саясаткері Николя Саркозидің іш киімі. Брюссель мұражайының иесі жақында мұнда Саркозидің әйелі Карл Брунидің іш киімі және Иран президентінің іш киімі қойлатынын айтады. 

Нидерландыдағы адам ағзасы мұражайы 

Бұл музейге келген адам адам ағзасының барлық құпиясымен таныса алады. Мұражай ғимаратының өзі алып адамның денесі іспеттес. Мұражайға адамның аяғынан кіріп, басынан бірақ шыққандай әсер аласыз. 

Исландиядағы фаллос мұражайы 

Мұнда түрлі материалдардан  жасалған, түсі де әртүрлі  жыныс мүшелері қойылған. Бұл музейде негізінен Исландияда мекен ететін көптеген еркек жануарлардың, сүтқоректілердің, теңіз жануарларының жыныс мүшелерін көруге болады. 
 

Америкадағы Джон Стронгтың түсініксіз құбылыстар мұражайы 

Мұнда негізінен неше түрлі генетикалық ауытқуларға ұшыраған аномалиялық құбылыстар мен мутанттар бар. Бұл музей жер әлемге көшіп жүріп түрлі экспонаттарын көрермен назарына ұсынады.Музейден Фиджи аралынан табылған су перісін (русалка), екі басты сиырды, басқа да қорқынышты аномалияларды көруге болады.  

Новосибирьдегі шпаргалкалар мұражайы 

Бұл ерекше музейде шпаргалканың түр-түрін кездестурге болады. Шаш қыстырғыштарына, сырғаға ұқсас шпаргалкалар бар. Емтихан тапсырушы тапсырманы қатесіз орындау үшін шпаргалканы тығудың түрлі әдістерін қолданатынына көз жеткізесіз. 

Үндістандағы дәретханалар мұражайы 

Мұнда ешқандай қысылмай бала ертіп бара беруіңізге болады. Өйткені музейдің іші толған унитаз. Мұнда 90-ға жуық елден  унитаз әкелінген екен. Мұнда бағалы әшекейлер салатын сандық пішіндес жылжымалы унитаз бар. Кезінде бұл аңшылыққа барғанда қолданылған екен. Сондай-ақ мұнда келушілер  король Людовик XII пайдаланған тақ тәріздес унитазды да көре алады. 

Бостондағы нашар өнер мұражайы 

Бұл бір шынында да ерекше музей. Мұнда әлемнің түкпір түкпірінен келушілер дарынсыз суретшілердің суреттерін тамашалайды. Мұнда 200-ден астам нашар деп танылған картиналар қойылған. 

Мексикадағы мумия мұражайы. 

Бұл музейді әсіресе нашақорлар жақсы көреді. Өйткені олар адамның мүрдесін көргеннен ләззат алады. Ал мұнда олар небір мумия экспонаттарды көре алады. 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста