Актриса Гүлбаһрам Байбосынова өзіне қатысты қаңқу сөздерге жауап берді

Актриса Гүлбаһрам Байбосынова өзіне қатысты қаңқу сөздерге жауап берді

Актриса Гүлбаһрам Байбосынова осыдан біраз уақыт бұрын өзінен жасы кіші жігітке ұзатылған болатын. Өнер иесі ел арасындағы қаңқу сөзге жауап беріп, жұбайы екеуін ортақ бақыты ғана қызықтыратынын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Гүлбаһрам Байбосынова бұл жайлы Instagram парақшасында жазды.

 

"Бұл өмірдегі ең маңызды шешімдердің бірі - адал жар таңдау, онымен мәңгі бақытты ғұмыр кешу. Алланың қалауымен туып-өскен үйімнен ұзатылдым. Бағым бар екен, салиқалы отбасының түтінін түтетіп, сүйгенім Қазыбек Төленге өмірлік жар атандым. Өмір болған соң, неше түрлі қаңқу сөз де, өтіріктен құралған өсек те болатыны сөзсіз. Алайда біз үшін ортақ бақытымыздан басқа ештеңе де қызық емес. Ең бастысы, ешкімнің ала жібін аттамай, түзу жүрсек, бізге одан маңызды ештеңе де жоқ. Менің айтайын дегенім мүлде ол емес еді. Осыдан тура 5 жыл бұрын жақын құрбым Салтанат Бақаеваның "Әгугәй Құрбым" бейнебаянына "Қалыңдық" кейіпінде түскен едім. Енді міне, өз ұзатуымда дәл сол әуенді шырқап, шығарып салды. Ешкімді жамандамай, ешкімді қараламай, жай ғана бақытты өмір сүрейікші", - деп жазды актриса.

 

Естеріңізге сала кетейік, әнші Салтанат Бақаева құрбысы актриса Гүлбаһрам Байбосынованы ұзатқан болатын.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста