Айқын Жұлдызды туған күнімен құттықтады (фото)
Айқын қазіргі жұбайы Жұлдызды туған күнімен құттықтап, қатты жақсы көретінін жазды. Жұлдыз 24 жасқа толды. Қазір әншінің жас келіншегі екінші сәбіне жүкті. Айқын мен Жұлдыздың инстаоқырмандары әдеттегідей бірі тілектерін жаудырса, енді біреулері Айқынның бірінші әйелі Әселге жандары ашып, олардың мұндай суреттерін жарияламауға кеңес берді, енді бірі екеуін жерден алып жерге салды.
Айқын қазіргі жұбайы Жұлдызды осымен екі бейнебаянына түсірді. Көпшіліктің сан түрлі пікіріне қарамастан, әнші әйелін пиар үшін клипіне арқау еткенін айтты.
Әншінің айтуынша, темірді қызған кезінде соғу керек.
⠀
"Адамдар, басқа адамның өмірін қайдан білсін. Менің өмірім солай. Мен ары қарай ашудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Адамдар өздері болжам жасайды да, неше түрлі нәрсені жазады. "Ты моя муза" деп Жұлдызды түсіріп жатырмын ғой. Болды, түсінікті ғой бәрі.
⠀
Әрине, енді пиар ғой. Пиар үшін жасалады. Басқа біреуді түсірсем үндемейді. Жұлдызды түсірсем әңгіме көп болады. Ол да бір пиар қадам ғой. Кезінде Анджелина мен Брэд Питт қосылғанда да пиар жасады. Кәдімгідей пиар болды. Қазір екеуі ажырасып кетті. Ол да бір пиар қадамдары ғой өздерінің", - деген әнші үшінші клип түсіру ойында бар екенін жасырмады.
⠀
"Екінші клипте біз ойладық "басқа адамды түсіреміз бе?" деп. Кейін "Басқа адамды түсірмей-ақ қояйық, Жұлдызды түсірейік" дедім. Себебі бірінші клипте жай өтті де, бұл жолы актерлік қыры көбірек болды. Үшінші бейнебаянда басқа бір нәрсе болатын шығар", - дейді әнші.
⠀
Естеріңізге сала кетейік, Айқын әйелі Жұлдызды "Жүрегім ақ" және "Ты моя" клиптеріне түсірді.