Кетіп қалған Сымбаттың оқиғасы бәрімізді бір шошытты... қыз өсіріп отырған мені, қызын тұрмысқа беріп отырған аналарды, бір екі шапалақты кешіріп жүрген талай аруды... жалпы, бізді, қазақты, қызын төрде өсірген, көзінше артық сөз айтпай, басынан сөз асырмай шаңырақтың киесі болады деп, инабаттың иесі етіп өсірген біздің халықты...
...петицияға мен де қол қойдым, ия заң әйелді қорғай алу керек...
...әйел заңға жүгіне алса.... осы тақырып біздің қоғамда бұрыннан бар ғой?! Мен Әйел бақытын эфирге шығарып жүргенде талай аналар үйі, дағдарыс орталығын паналап, баласын құшақтап қашып жүрген келіншекті көрдім. Жекеге қанша қыз жазады, ұрды, не істеймін деп...Арыз жазбайды, учаскелік полицейдің өзі бұндай іске арласқысы келмейді, себебі іске араласатындар көп... өзің кінәлісіңнен бастап, балаларды ойласайдан аяқтайтын &ldquoэксперттер&rdquo... бізге бәлкім, әйелге артылған жауапкершіліктің жүгіне қатысты бір ойлану керек шығар?! Ия, ол шаңырақтың берекесі, бірақ берекенің бастауы болған, бала тәрбиелеген әйелдің кем дегенде жаны тыныш болу керек қой...
Мен, білгірсіп отырғаным жоқ, тек ұл тәрбиесіне екі есе мұқияттылық керек шығар,мүмкін? Сенен артық сұлу келіншек алып беремдерді естіп жүрміз.. сатып жіберіп, жаңасын ала салатын тойота емес қой әйел деген... ерлердің еті тірі, есі дұрыс, жауапкершілігі мол, жүрегі мейрімді болу керек екенін бүкіл қоғам боп, қырық үйден тиған сияқты араласу керек шығармыз, мүмкін???
Кейін, әрине арыз жазып, жазалауға дейінгі кезеңдерге көңіл бөліну керек...галочка үшін емес, шын жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлер, отбасылық психологтар... сосын болмай бара жатса, арыз жаз, заңға жүгін... бірақ, бізде ойран бола беретін отбасы да, жарым көңіл боп өсе беретін бала да көп емес қой... санаулы ғана қазақпыз...
инстаграмдағы парақшасынан