Жылыту маусымында қауіпсіздікке баса назар аудару қажет

Жылыту маусымында қауіпсіздікке баса назар аудару қажет

«КазТрансГаз Аймақ» АҚ өкілдері Шымкент тұрғындарына газ құрылғыларына немқұрайлы қараудың соңы неге әкеп соғатыны жайлы әңгімелеп берді.
Өткен демалыс күндері газбен қамтамасыз етуші ұйым қаланың ірі сауда орталықтарына келушілерге арнап ерекше акция өткізді.


Айта кету керек, еліміздің оңтүстік өңірлерінде газға қатысты төтенше жағдайлар жиі болып тұрады. Мысалы, өткен жылыту маусымында тек Шымкенттің өзінде улы газдан улану бойынша 21 оқиға тіркелген, 32 адам қайтыс болды.
«Улы газбен улану жағдайларын сараптаған кезде негізгі себеп көп жағдайда түтін шығатын мұржасы дұрыс тартпағандықтан осындай қайғылы жағдай болады екен. Яғни, мұржа уақытылы тазартылмайды. Сондай-ақ кейбір мұржалар құрылыс нормаларына, қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді. Шымкентте және облыс бойынша зардап шеккендердің өздері жылыту құрылғыларын дұрыс қолданбай, оған немқұрайлы қарап, өз өмірлеріне қауіп төндірген. Олардың кейбіруілері су жылытатын құрылғыларды жуынатын бөлмеге орнатқан, ал бұған үзілді-кесілді тыйым салынады», – дейді өндірістік-техникалық бөлімнің бас маманы Бауыржан Байтілеуов.


Газ саласы мамандарының айтуынша, «Газ және газбен қамтамасыз ету» туралы ҚР Заңына сәйкес, газ құрылғысының техникалық жағдайын қадағалау мен жауапкершілік құрылғы иесінің өзіне жүктелген. Дегенмен «КазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлері үлкен профилактикалық жұмыстар жүргізіп тұрады, үйлерге рейд жасайды, телеарналарға газ қауіпсіздігі туралы ролиуктер береді, қауіпсіздік ережелері жазылған ппарақшалар таратады, мамандар БАҚ-қа қауіпсіздік туралы жиі сұқбаттар беріп тұрады. Алайда тұрмыста газды қолдану «әлі де қауіпсіз болмай тұр. Қыркүйектен бері Шымкент пен Түркістанда улы газбен уланған 20 жағдай тіркеліп үлгерген, бір қуанарлығы қатты зардап шеккендер жоқ.
«Осындай жағдайлардың алдын алу үшін әкімдікте газ инспекциясын құру қажет сияқты, сонда мамандар нысандардағы газ жүйесін, газ құрылғылары мен газды пайдаланудағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалар еді. «КазТрансГаз Аймак» АҚ өкілдері профилактикалық шараларды өткізуге қол ұшын беруден аянбайды», – деп өз ойымен бөлісті Бауыржан Байтілеуов.


Тұрғындар газ мамандарымен қуана-қуана байланысқа түсті. Мысалы, мұржаны қалай тексеру керек, газбен су жылытатын құрылғыны неліктен жуынатын бөлмеге қоюға болмайтыны туралы ақпарат көпшілікке пайдалы болды.
«Біздің үйде жылыту пеші бар. Кейде бір адамдар келіп, мұржаны тазалаймыз деп 700 теңге сұрайды, шындығында олар ештеңе істемейді. Бүгін мен газды тек үш ұйым – «Шымкент» КТО», «КазТрансГаз аймақ» және «Интергаз Орталық Азия» ғана өшіре алатынын түсіндім. Сондай-ақ ақшаны ешқашан ешкімнің қолына бермеу керек екенін, төлем тек квитанция арқылы жасалатынын білдім. Енді мен газды тексеруге келгендерден олардың бәрін дұрыс, заңды істеулерін талап ете аламын. Дүкенге сауда жасауға келіп едім, өмірді сақтап қалатын қаншама пайдалы ақпарат естідім» дейді Шымкент тұрғыны Әлия Есенқұлова.
Мұндай акцтиялар енді тек сауда орталықтарында ғана емес, мектептерде, басқа да мекемелерде жалғасын табады.
«КазТрансГаз аймақ» баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста