Түркияның әскери дронына Қазақстанда өндірілетін құралдар пайдаланылмақ

Түркияның әскери дронына Қазақстанда өндірілетін құралдар пайдаланылмақ

Қазақстанда өндірілетін түркиялық Anka-S әскери дронының өндірісін ұйымдастыру туралы жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов ҚазАқпараттың ресми жауабына осындай мәлімет ұсынды.

«Біз Turkish Aerospace компаниясы мен «Қазақстан инжиниринг» екі компанияның бірінің базасында пилотсыз ұшатын аппарат өндіру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. ҚР Қорғаныс министрлігі осы жылы алғашқы Anka-S-ті алады. Жақын арада біз «ірі торапты» құрастыруды жүзеге асырамыз. Одан әрі Қорғаныс министрлігі қару жарақты пайдалануға енгізу мақсатында сынақтар өткізеді. Сонымен қатар біз бір уақытта өндіріс орнын құрумен айналысып жатырмыз», - дейді комапния басшысы.

Дегенмен, Теміржан Әбдірахманов аталған өндіріс ошағы дәл қай өңірде, қандай зауыт базасында орнығатыны әлі нақтыланбағанын мәлім етті.

«Біз композиттік материалдар өндірісін құрамыз. Оған қазақстандық кабельдер пайдаланылады. Сондай-ақ біз құрастыруды, техникалық сүйемелдеуді, борттық жабдықты жөндеуді реттестіреміз. Біз өз оптикамызды жасауға кірісіп кеттік. Біз оптикаға назар аударғымыз келеді. Оны түріктің «Aselsan» – «Kazakhstan Aselsan Engineering» компаниясымен бірлескен кәсіпорында оқшаулауды (локализация – ред.) жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар қаржыландыру мәселелері анықталуда. Жоба 2030 жылға дейін есептелген. Мен «Turkish Aerospace» басшылығымен шілде және тамыз айларында кездестім. Олар Қазақстан үшін толығымен ашық. Біз олар Anka-S технологиясын ұсынған алғашқы елміз», - дейді ұлттық компанияның басқарма төрағасы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста