Шығыс Қазақстан облысының ауылдарына табиғи газ жүргізіледі

Шығыс Қазақстан облысының ауылдарына табиғи газ жүргізіледі

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының 9 ауылына табиғи газ жүргізілді. Осы жұмыстар үшін мемлекеттік қазынадан 1 млрд 200 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда 18 мың тұрғыны бар Зайсан қаласы толығымен газдалды. Алдағы уақытта тағы 8 ауыл көгілдір отынмен қамтамасыз етілмек. Аймақтардағы елді мекендерді газдандыру Қазақстан Президентінің Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясында жүргізіліп отыр.
Бұрын Кенсай ауылының тұрғындары газ балондарын сатып алып, пайдаланып келген. Енді ауылдағы әлеуметтік нысандарды экологиялық жағынан таза, экономикалық жағынан үнемді отынға көшіру көзделіп отыр. Егер табиғи газ қосылса, жылыту маусымында жергілікті бюджет қаржысы 40 пайызға үнемделмек.
Темірбек Қасымжанов, Зайсан ауданының әкімі: «Мемлекет басшысы биылғы халыққа Жолдауында қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға қатысты тапсырма берген еді. Осы мақсатта біз биыл 9 ауылды табиғи газбен қамтамасыз еттік. Келесі жылы тағы 8 ауылға газ жүргізбекпіз. 2020 жылға қарай ауданға қарасты елді мекендер 90 пайыз көгілдір отынмен қамтылады деп жоспарлап отырмыз».
Шығыс Қазақстандағы «КазТрансГаз Аймак» өндірістік филиалының директоры Серік Оразбековтың айтуынша, бүгінде аудандық компанияда газ саласының 42 маманы жұмыс істейді. «Бізде дәнекерлеушілер, операторлар, жүргізушілер бар. Біз үшін бұл жай ғана тұрақтылықтың, адамдардың әлеуметтік жағдайының жақсылығын көрсететін көрсеткіш қана емес. Бұл – дегеніміз кәсіпкерлікті дамыту мен жаңа жұмыс орындарын ашуға да үлкен мүмкіндік», – дейді директор.
Болашақта компания Үржар, Тарбағатай, Күрішім аудандарының елді мекендерін көгілдір газбен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.


«КазТрансГаз Аймак» баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста