Қазақтан шыққан тафгай-хоккейшінің алғашқы төбелесі

Қазақтан шыққан тафгай-хоккейшінің алғашқы төбелесі

"Барыс" хоккей клубында Дамир Рысбаев деген жас жігіттің ойын үстінде төбелесіп, шайбалы хоккей әлеміне тез танымал бола бастағанын жазғанбыз. Бүгін оның мұзайдындағы алғашқы төбелесін назарларыңызға ұсынып отырмыз, деп жазады "Алаш айнасы".
1995 жылы 25 сәуірде туған, жасы әлі 20-ға да толмаған Дамир Рысбаев өткен аптада Ресейдің "Нефтехимик" клубының екі ойыншысын сұлатып салған. Содан ғаламторда оның сол ойындағы төбелесі кішігірім хитке айналды десек те болады. Естеріңізге сала кетейік, оның бойы – 187 см, салмағы – 92 келі.
Енді біз сіздердің назарларыңызға оның алғашқы төбелесін ұсынып отырмыз. 2012 жылы 10 қаңтар күні Қазақстан чемпионаты аясындағы "Сарыарқа" (Қарағанды) және "Барыс-2" клубтары арасындағы ойында қып-қызыл төбелес болады.
Негізі, Константин Пушкарёв сол жылы "Сарыарқа" сапында ойнаған Британия қорғаушысы Бен О'Коннормен төбелескен еді. Бірақ дәл сол кезде жасы 16-дан асқан Дамир Рысбаев та қарап тұрмай, өзінен 10 жас үлкен Антон Дубининге тап беріп, онымен төбелеседі. Дамир ол кезде қазіргідей аса ірі болмаған да шығар, ал Дубинин еңгерзедей болатын (Бойы – 180 см, салмағы – 92 келі).
Негізі, бейнежазбаға Пушкарёв пен О'Коннор төбелесі түсірілгенімен, анықтап қарасаңыз, олардың ар жағында төбелескен Дамир мен Дубинин айқасы да анық көрінеді. Онда, яғни екінші төбелестің аяғында Дамир өзінен үлкен хоккейшіні мұзайдынға жығып алып, төмпештеп жатқанда, төрешілер айырып алады.

Ал мына бір бейнежазба – биылғы. 17 қазан күні "Барыс" түзде "Йокерит" (Хелькинки) клубымен кездескенде, Дамирді айдын иелерінің бір ойыншысы мұзайдын жақтауына итеріп қалмақ болады. Содан Дамир онымен төбелеспек болып, жағасына жармасады. Тіпті жекпе-жекке шықпай қойғаннан соң, ілік іздеп, шалып та жығады. Екіншісімен де төбелеспек болып, итеріп қалады. Бірақ олардың ешқайсысының да Дамирмен төбелесуге батылдары жетпегендей...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста