ПЛАСТИК ЫДЫСТАҒЫ СУ ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАУІПТІ

ПЛАСТИК ЫДЫСТАҒЫ СУ ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАУІПТІ

Түркияның пайдалы әрі дұрыс тамақтану саласының маманы, профессор, доктор Кенан Демиркол пластмасса ыдыстардағы су мен тағамдардың денсаулыққа қауіпті екенін айтады.

Профессор былай дейді: «Полиэтилентерефталат өнімінен жасалынатын пластмасса ыдыстардағы зиянды заттар суға араласады. Әсіресе пластмассаны жұмсарту үшін қолданылатын антимонит деп аталатын ауыр металл да сумен араласқа түседі. Осылайша пластмасса ыдыстан су ішкен адам осы зиянды заттарды да ішкен болады.

 

Ал, бұлар бізге қандай зарар тигізуі мүмкін? Бұлар гормондарды бұзатын элементтер. Бұл ыдыстағы суларды тұтынғанда ағзаңызда гормоналдық бұзушылық пайда болады. Мәселен, солардың бірі эстрогеннің әсерінен туындайтын гормоналдық бұзушылық. Яғни, бұл 5 жастағы қыздың етеккір көруіне себеп болады. Люлебургаз (Түркия) қаласынан екі жарым жастағы бір қызды алып келді. Етеккірі келген екен. Екі жарым жаста!».

Профессордың айтуынша, 19 литрлік пластикалық судың ыдыстары поликарбонат деп аталатын бір пластмасса, ал бұл Бисфенол-А деп аталатын шикізаттан өндіріледі. «Ал Бисфенол-А-ның сүт безі рагына шалдықтыратыны 1930-жылдан бері белгілі. Бұған қатысты 130 ғылыми мақала жарияланған. Бисфенол-А аяғы ауыр әйелдің қарнындағы баланың миындағы жыныстық ажырату орталығына барғанда баланың гомосексуал болу мүмкіндігін арттырады. Ал еркектерде бұл зат простатит рагына шалдығу мүмкіндігін үш есеге арттырады», – дейді профессор Кенан Демиркол.

Ал, Түркия денсаулық сақтау министрлігі, Қоғамдық денсаулық сақтау интитутына қарасты қоршаған орта денсаулығы департаментінің башысы доктор Хусейн Илтер пластмасса ыдыстардағы сулардың табиғи болмайтындығын ескертіп, су құбыры жүйесіндегі (крандағы) суларды пайдалануға кеңес берді. Осыған байланысты арнайы зерттеу жұмыстарын да жүргізгенін тілге тиек етті Илтер.  

muslim.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста