Сәби сүйгіңіз келсе, тоқыма тоқыңыз

Сәби сүйгіңіз келсе, тоқыма тоқыңыз

39 жасында тұрмыс құрған көршім Райхан біразға дейін бір нәрестенің иісіне зар болып жүрді. Қаралмаған дәрігері қалмады, бармаған клиникасы жоқ, емшілерді де жағалап көрді. Өзі мықты қаржыгер маман, өте білімді жан. Бірде Райханның үйіне кіріп қалсам, жұмыс үстелінде жіп  пен біз жатыр екен. Өзім де анда санда тоқыма тоқығанды жақсы көретін адам болған соң, «не тоқып жатырсың» деп қызығушылық таныттым.

Райхан бір жымиды да, «мен тоқи алмаймын, тек тоқыманың бала көтеруге септігі тиеді деген соң, интернеттен үйренуге талпынып көрдім, әзірге онша икеиделе алмай жатырмын» деді.

Тоқыма мен бала көтерудің арасында не байланыс бар дейсіз ғой? Осы сұрақ мені де ойландырды. Кейін өзім осы мәселені зерттеп көруге талпындым.
Бұрын ата-бабаларымыз баласына жар, өздеріне келін таңдағанда саусақтарынан бал тамған, іс тігетін, тоқыма тоқитын, құрақ құрай алатын қыздарға құда түсуінде сыр бар екен. Атақты Шәкәрімнің анасы кедей жерден шықса да, керемет ісмер кісі болғанын білетін шығарсыз.

Қолөнермен айналысатын қыз-келіншектердің басқалармен салыстырғанда ұсақ моторикасы жақсы дамыған. Мамандардың айтуынша, ұсақ моториканың икемді болуы әйелге гормондардың жеткілікті мөлшерде бөлінуіне әсері етеді. Ал бала көтеру үшін мұның маңызы өте зор.

Қазіргі заманда өзі әйел, өзі еркек боп кеткен, уақытылы тұрмысқа шықпай, жұмысбасты боп жүріп қалатын, тамақ та жасамай, сырттан алдыра салатын қыз келіншектер қаншама? Бәріміз ақша табуға ұмтыламыз, көлік жүргіземіз, шалбар киеміз... Кейбіреуіңіз «тоқыма тоқымай-ақ бала таптық қой» дейтін боларсыздар. Иә, дұрыс. Дегенмен, кейде бала көтере алмауымызға осындай елене бермейтін факторлар да әсер ететінін айтқым келген. Алла әйел етіп жаратқан соң сәнімізді, нәзіктігімізді жоғалтпай, табиғатымыздан алыстамайық! Жаратқан ешбір әйел затын ана болу бақытынан айыра көрмесін! Айтпақшы Райхан 42 жасында ана болды, қазір тәп-тәтті қызы бар.

Айнұр Нұрсабет 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста