Патшалар тұтынған шөп түрлері

Сонау шығыста ХIX ғасырдың екінші жартысында «Бетеге кетсе &ndash бел қалар, бектер кетсе &ndash ел қалар, берекең кетсе &ndash нең қалар?!» деген баба сөзіне жүгінген Оспан Исламұлы Алтайда Шығыс Түркістан қозғалысын  ұйымдастырса, «Астымда алқоңырым желмедің ғой, Құдайым сұрағанды бермедің ғой, қайқая шапқан қарагер, қайырылар ма екен, қайран ел?!» деп алып империяның езгісіне төзбеген Сұлубай батыр  да Алтайдың биігінде берен мылтығының қорғасын оғы таусылғанша озбыр жүйемен қарсыласып өткен еді. Міне, сол Алаштың өзгеде қалған құйқалы жер Алтайда Шіңгіл және Қаба деген аудандар бар. Шіңгіл мен Қабада  не жоқ, іздесең барлығы табылады. Алтай тауларының етегіне орналасқан сол мекен мәуілжіген қарақат, таңқурай, бүлдірген, мойыл, долана, шырғанақ, жабайы жиде, рауғаш, тағы басқа да дала жемістеріне бай. Ал сол жемістерді нарықтық экономикаға бейімдеп, өңдеп кәдеге жаратып жатқан қандастар да жетерлік. Ендеше, шекараның арғы бетіндегі қаракөздердің тұрмыс-тіршілігі қалай? Басты кіріс көзі не? Осы төңіректе «Алаш айнасы» интернет-газеті сіздермен аз-кем ой бөліскен еді.

Алтайдың шырғанағы &mdash Еуропада
Бүгінде осы сахара жемістерін жерсіндіріп, өзінің кіріс көзіне айналдырып отырған  Алтай аймағына қарасты Қаба ауданындағы Шыңжаң «Каңюан» биологиялық ғылым-техника» ЖШС Германияның «Акрог» кәсіпорнымен тұңғыш рет миллион долларлық келісімшартқа сай шырғанақ жемісін қораптап, Еуропа нарығына шығарды.  Бір қызығы, Қытайда жеке отбасылық кәсіпкерлік жақсы дамыған. Мемлекет тарапынан да түрлі алым-салықтар жеңілдетілген. Бастысы, өндірген өнімге тұтынушы көп болғандықтан, «тауарым өтпей қалады-ау» деген алаңдаушылық жоқ. Мәселен, өңірдегі бір ғана осы шырғанақ өндірісінің арқасында қазақ отбасылары өздерінде бар табиғи мүмкіндікті пайдаланып, кіріс көзін еселей түсуде. Мұндағы басты өнім ретінде шырғанақ шырыны, шырғанақ қоймалжыңы, сусындық, шырғанақ майы, шырғанақ шайы қатарлы бірнеше түрлі өнім жасап шығаруда. «Каңюан» серіктестігі бірнеше жыл ішінде 20 мың гектарлық шырғанақ базасы мен кемелденген шырғанақ өнімдерін өңдеу  өндіріс алаңын құрып, жылына орта есеппен 15 миллион дана шырғанақ сусынын өндіруде. Немістермен болған іскерлік байланыстың нәтижесінде 2013-2014 жылдарға дейінгі қамдау, сату сомасы шамамен 5 миллион долларды құрап, Шыңжаң «Каңюан» серіктестігі осы мерзім ішінде Германияның «Акрог» серіктестігін 2800 тонна шырғанақ жемісімен қамдапты.
Сондағы өз несібесін тауып жүрген қаракөздеріміздің бірі &mdash Шіңгіл ауданына қарасты Шағанғол ауылындағы Сарбұлақ қыстағының тұрғыны Жұмабек Мұратханұлы. Кәсібін дөңгелетіп ала жөнелген іскер жігіттің жоспары көп. «Мен биыл 700 гектар жерге шырғанақ ектім. Қазірге дейін 20 тоннасы сатылып болды. Әлі 40 тоннасы бар. Кірісіміз жаман емес. Шаруашылық серіктестіктерімен делдалсыз тікелей байланысқа шығамын. Өнімді өздері алып кетеді. Осы бірнеше жылдың ішінде Алтайда шырғанақ өңдеу зауыты қаптап кетті. Мен де болашақта өз алдыма «отау» тігіп, кіріс көзін еселеу үшін еңбектенуім қажет»,&mdash деді.
Иә, шырғанақ өнімдерінің базарға салынуы жеміс-жидек өңдеу кәсібінің дамуын жеделдетті. Шіңгіл аудандық жеке серіктестік директорының орынбасары У Туң Хуа: «Мекемеміз биыл 2000 тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Қазірге дейін 520 тонна шырғанақ дәнін сатып алдық. Оны бірден шырғанақ шырынына айналдырамыз. Ал 2-3 тонна тоңазытылған шырғанақ дәнегін сатып алып, одан шырғанақ майын өңдеп, дайын өнімді Моңғолия, Ресейге экспорттаймыз», &mdash дейді.

  www.slawyan.kazakcnr.com
Екінші мергия
Қытай медицинасында «Рін Сің» деген дәрі шөп бар. Тікелей тәржімаласақ, «адам ғұмыры» (жергілікті атауы «Мергия») деп аталады. Ертеректе Қытайдың патша сарайларында шенділерге ем-домға көптеп пайдаланылған. Ұлы таулардың ұшар басы, тар қысаңдарда өсетіндіктен, бағасы қымбат болғасын қара халықтың қолы жете бермесе керек. Бүгінде сол сырқатқа пайдаланылатын, тұқымы құрып бара жатқан «мергияның» орнын шырғанақ майы басуға дайын. Оның елімізде бір ғана түрі кездеседі. Жемісінің 8 пайызында шырғанақ майы бар, каротинге бай. Шырғанақ майы терідегі жаралар мен күйіктерді жазады. Адамның ішкі ағзасының жұмысын жақсартып, бауырдың негізгі қасиетін сақтауға көмектеседі. Көптеген қатерлі ісіктерді емдеуге, хирургиялық операциялардан кейін де қолданылады. Өсімдіктің бұтағы тығыз және қатты болып келеді. Сондықтан оны жылжитын құмдардың жолына егіп, тауда жүретін көшкінге тосқауыл ретінде жартасты тау беткейлеріне егуге болады. Көгалдандыруда жеке немесе топтап егуге және жасыл қоршау ретінде өсіруге болады.
Шырғанақ майы неге пайдалы? Медициналық тәжірибе барысында оның құрамында адам ағзасына пайдалы 206 түрлі зат бары анықталды. Мұның ішінде 46 түрі биологиялық зат деп есептеледі, зор мөлшерде E және А дәрумені флавон бар. Шаршағанды басып, дененің өміршеңдігін арттыратын және рак ауруына қарсы тұратын ерекше дәрілік қасиетке ие. Асқазан кілегей қабығын қорғап, қалпына келуін жеделдетіп, ішек жолы таяқша бактериясына қарсылық қуатын арттырады, қандағы холестеринді төмендетеді, жоғары қан қысымы мен қантамырлары ауруының алдын алып, жараның жазылуын жеделдетеді. Шіңгілден шыққан өнімнің Ресей нарығындағы сұранысы осы емдік қасиетінен болса керек. Олай дейтініміз &mdash 2012 жылын «Хухва» серіктестігі шырғанақ майын айыру зауытын іске қосып, алғаш сатылымда 3,2 тонна өнімді орыстарға экспорттап, 900 мың юаньнан астам пайда тапқан.
«Хухва» серіктестігінің бас директоры Сай Юұңның айтуынша, шырғанақ майының ажарландыру, терінің зақымдалуын, үсуін емдеуде пайдасы бар болып, ресейліктер шырғанақты, «Екінші мергия» деп атаған. Бұл өнім Шаңхайда өткен ауыл шаруашылық көрмесінде «Таңдаулы өнім» болып бағаланса, шырғанақ тосабы, шырғанақ шырыны «жасыл түсті органикалық өнім», ал шырғанақ арағы Гуаңчжоу сауда жәрмеңкесінде «1-дәрежелі сапалы өнім» атағын иеленіпті.
Шіңгілдегі шикізат
Біздегі Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде көп кездесетін дәрілік өсімдіктердің бірі &mdash осы шырғанақ. Тіпті, Кентау қаласына барар жолдағы тоғайларда да шырғанақ жемісі тұр. Біз оны неге өз қажетімізге пайдаланбаймыз? Шырғанақ суыққа төзімді, тез жерсініп, сортаң, тастақ жерге өсетіндіктен, егілген қаламша 1-2 жыл ішінде көп суаруды қажет етпейді. 3 жыл ішінде жеміс бере бастайды. Әрі 15 жыл көлемінде үзіліссіз өнім береді. Экономикалық құны жоғары болғандықтан әдетте бір түп шырғанақ ағашынан ең кемі 6-10 келі, тіпті 25-30 келіге дейін өнім алуға болады.  «Құмнан құлақ шығаратын» қытайлар шырғанақтың жапырағын да кәдеге жаратып жатыр. Қазір Шіңгіл ауданында 6 ірі шырғанақ  өнімін өңдеу кәсіпорны құрылып, бұрынғы 10 түрлі өнімнен 20 түрлі тауар шығарып, базарды жаулай бастады. Қан қысымының жоғарылығы, қантты несеп, қандағы май құрамын ыдырату, бүйректің майлануының алдын алу және тежеуде пайдасы мол екендігін ескерген жұрт шырғанақ өнімдерін дүкен сөрелерінен іздей бастайтын болды. Бүгінде аларманның талабын ескерген кәсіпорын шырғанақ жапырағынан шай дайындауда. Осыған орай Шіңгіл ауданына қарасты ауылдардағы жұмыссыздарды уақытша болса да еңбекпен  қамтып отыр.  Шаруалардың терген 1 келі жапырағының құны &mdash 4 юань. Мұнан құлақтанған көрші аудандардағы тұрғындар да Шіңгілдің шырғанақ алқабына келіп, күніне орта есеппен 100 юаньнан астам табыс тауып жүр екен.
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» демекші, Алтай диқандары өз жеріндегі жергілікті жеміс ағашын Ресейдің ірі жемісті шырғанағымен будандастырып, өнім көлемін арттыруға әрекет етуде. Тамыздың соңынан бастап «Каңюан» серіктігі шырғанақ ағашы мен тоңазытылған шырғанақ жемісін сатып ала бастайды. Басында шырғанақпен шұғылданатын отбасылар өнімін сата алмай әуре болатын. Себебі, зауыттар шырғанақ сатып алуда баға тұрақсыздығын көлденең тартып, арзанға бағалайтын. Кейіннен жаңадан ашылған жеміс өңдеу зауыттары бәсекелестігінің нәтижесінде жемістің бір түйіріне дейін қалдырмай жинап алатын болды.  Егінші Шүй Шылин: «Биыл 4500 гектар жерге шырғанақ ектім. Жиын-терім мезгілі жетісімен «Каңюан» серіктігі сатып алуға адам және техника жібереді» &mdash дейді. 2010 жылы құрылған мекеме дүниежүзі бойынша  иеленген жер аумағы ең үлкен, түрі ең мол жемісті шырғанақ базасына ие. Ол Шыңжаңдағы ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасына сай 100 отбасын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 3 жылдан соң өнім беретіндіктен, «Каңюан» серіктестігі жергілікті билікпен бірлесе отырып, алғашқы 3 жылда шырғанақ егумен айналысқан қожалықтарға субсидия беріп, өнімін сатып алуға келісім жасап отырған. Серіктестіктің бас алқасы Лю Зұңхау: «Мекеме денсаулықты қорғау шайы, шырғанақ  сұйықтығы, шырғанақтан жасалған бұйым және осы жемістен жасалған медициналық өнімдерді жетілдіріп, мұны Қытайдың брендіне айналдыруға күш салуда. Нәтижесінде Алтай дүниежүзіндегі ірі шырғанақ орталығына айналады» &ndash дейді. Алтайдағы жеміс егілген аумақ 250 мың гектардан асып-жығылыпты. Шырғанақтың экологияны оңалтып, топырақ қабатының тығыздығын арттырып, топырақтың құнарлылығын сақтауға пайдасы мол. Одан да маңыздысы  жергілікті өңірдің экономикасының дамуын жеделдетуде.
Бүгінде Шіңгіл ауданы «Хухва» сауда-саттық серіктестігі өндірген ерекше түске ие ауылшаруашылық өнімі тоңазытылған шырғанақ жемісін топқа бөліп, Жеменей шекара өткелі арқылы Ресей базарына шығарды. «Хухва» серіктестігінің бас маманы: «Алғашқы мерзімде Ресей саудагерлері «Хухва» серіктестігінің көмегінде шырғанақ өндірісі жабдықтарын сатып алып, шикізатын экспорттауға негіз қалады» дейді. 2001 жылдан бері Шіңгіл ауданы мемлекеттік егістіктен қайтарылған жерге жасыл желек отырғызу, «Солтүстіктегі үш районның» 4-мерзімдік инженериясы мен ерекше түске ие орман жемісін барынша дамыту орайын мықты игеріп, Шандоң, Лияуниң қатарлы өлкелерден күнгей, сарғыш шырғанақ ағаштарын енгізді. Қазірге дейін тұтас ауданда шырғанақ алқабының көлемі 100 гектарға жетті. Осы кәсіпорындар өндірген шырғанақ  өнімдері ел іші базарын иеленумен бірге шетел базарына да қадам тастады.
Тәнге пайдалы дәрумен
Біз әңгіме еткен өнімнің пайдасы туралы қысқаша айтар болсақ, шырғанақ жемісінде адам ағзасына қажетті жеті түрлі «Хаң тоң» заты бар болып шықты. Жөтелді басып, қақырықты түсіру, қан-тамырды кеңейту,  холестерин мөлшерін төмендететін қасиеті бар. Әдетте, жүрекке қан жетіспеу сипатындағы кеселді емдеуге қолданылады.       
Шырғанақтағы SOD құрамы мергия шөбінің 4 есесіндей болған, ол дененің артықша тотығуынан пайда болатын еркін негізді тежеп, қартаюдың алдын алады, аурудың туылу мүмкіндігін төмендетеді. Ол дүниежүзіндегі табиғи дәрумен түрі ең көп, экономикалық ағаш түріне жатады.
Шырғанақ жапырағын денсаулық қорғау шайы ретінде тұтынуға болады, емдік, нәрлік қуаты жоғары. Шырғанақ ұрығының май құрамы 10-12 пайызға жетіп, одан шырғанақ майын алуға болады. Ертедегі Тибет шипагерлігінде алуан түрлі ауруға ем болатын қасиетті дәрі аталған. Қытайдың Циян Лұң патшасы көп тұтынған әрі сардарлардың күш-қуатын жоғарылататындықтан атақты Шыңғысхан қосыны, кейіннен Чиң армиясы,  бертінде Қытай азаттық армиясы Тибетті жаулауға кіргенде де көп тұтынған деседі. Шырғанақ бұрыннан бері ғарышкерлердің тұтынатын тамаша дәрілік тағамы аталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста