Өкпедегі қара дақты кетіру...
Кейде балалар түгіл үлкен кісілер ауа райының ылғалды күндері желең-желпі жүремін деп, суық тигізіп алады. Әрине, мұның әсері ә дегенде өкпеге тиеді.
Сосын өкпеде қара дақ пайда болады. Тез емделмесе мұның соңы өкпе туберкулезіне айналып кетуі мүмкін. Сондықтан өкпеге түскен дақтың үлкейіп кетпеуі үшін бұрыннан келе жатқан ем-домның бірі &ndash сүт пен кебегі ажыратылмаған сұлыны пайдаланған дұрыс.
1 литр сүтке 1 стакан кебегі ажыратылмаған сұлы қосып, бір сағат жайлап қайнатылады. Сосын қайнатпа сүзіліп, кебегі алынып тасталады да, оған сүт немесе бал қосып, ыстықтай ішу керек.
Бұл емді әсіресе түнде ұйқы алдында қолданған тиімді. Емді ұзақ, бір жылға дейін қою қақырық түсіп, өкпе әбден тазаланғанға дейін қолданады.
Сонымен бірге, туберкулездің алдын-алу үшін қайыңның 1 ас қасық бүртігіне 1 стакан медициналық спирт пен бал қосып, 9 тәулік тұндырып, сүзіп, күніне 3 рет 1 ас қасықтан, тұнба таусылғанша ішу керек.
Әсем САДЫҚОВА.
«Ауырмаңыз!» газеті.