Дәрісіз емнің қызық түрі

Дәрісіз емнің қызық түрі

Бұл қызық жайлардың кімге де болса керегі болары анық. Кенеттен келетін түсініксіз жайлардан тез арылудың қарапайым жолдары жайлы мына мәліметтер ойыңызда жүрсін:

 

Тамақ жыбырлап, кенеттен жөтел қысса құлақтың сырғалығын уқалап, қасуға болады. Құлақтағы жүйке талшықтары тынышталса тамақтағы бұлшық еттер жиырылуын қойып, жөтел біраз уақытқа мазаламайды.

 

Құлақ бітіп немесе гуілдеп тұрғанда әңгімелесуші адамды жақсырақ естігіңіз келсе, оған оң құлағыңызбен бұрылыңыз. Ал шулы ортада музыка даусын анығырақ естуді қаласаңыз, сол құлағыңызды түргеніңіз дұрыс деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Өйткені оң құлақ сөйлеу реакциясын, ал сол құлақ музыкалық дыбысын жақсы қабылдайды.

 

Уколдан қорықсаңыз, ине ұшы жақындай бергенде өзіңізді күштесеңіз де жөтеліңіз. Одан бұлшық ет босаңсымайды, әйткенмен ол кеуде клеткаларындағы қысымды көтеру арқылы бұлшық еттегі ауырсынуды сездіртпейді.

 

Мұрын себепсіз бітіп қалса тіліңізді шығарып, аспанға қарай шошайтыңыз да, сол аралықта сұқ саусақпен екі қастың ортасын басыңыз. Бұл кеңсірік желбезегі кернеуді босатып, 20 секундтан соң тыныс алу жеңілдейді.

 

Түнде асқазан сазып, қыжылдайтын болса сол жақ бүйіріңізбен ұйықтаңыз. Бұлай ұйықтау асқазан қышқылының бөлінуін азайтады, өйткені ас қорыту мүшесі сол жаққа жақындау орналасқан. Оң жақ бүйірмен жатқанда ол белсенді жұмыс қалпын сақтайды, ал сол бүйірде аздап қысылып, қышқыл бөлуін тежейді.

 

Тіс ауырса бір кесек мұзды бас бармақ пен сұқ саусақтың сыртқы жағына қойып, V әрпі секілді сызық жүргізіңіз. Өйткені осы жердегі жүйке талшықтары мұз салқынынан ауырсыну дабылын азайтады.

 

Жүгірген кезде бүйірге шаншу қадалса тыныс алу ырғағын ауыстыру керек: сол табан жерге тиерде дем шығарып, оң табан жерге тигенде дем алу керек деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Оң табан жерге тигенде дем шығару оң жақ бүйірдегі бауырға салмақ түседі де, содан бүйірде шаншу басталады.

 

Мұрныңыз қанаса түйіршіктелген мақтаны алдыңғы жоғары жақтағы қызылиекке батыра ұстап тұру керек. Қызылиектегі танаудың тап ортасындағы сәл шұңқырлау жері майда қан тамырларын жайландырады.

 

Жүрек кенеттен тарсылдай соғып, кеудеден шығып кетердей болса бас бармағыңызға бірқалыпты үрлеңіз. Бұл кезде терең ауа жұту жүйкенің тартылып, тынышталуына әсер етсе, ауаны шығару жүректің соғысын реттейді.

 

Қолыңыз ұйып қалса басыңызды олай да, бұлай да изеп, ары-бері шайқаңыз. Кейде қолың ұйып қалуы мойындағы жүйке талшықтарының тартылуынан да болады.

Бұл амалдарды испандық Артур Дерк деген азамат жинақтапты. Біразын тексеріп те көрген. Сіз де тексеріп көріңіз, мүмкін көмегі тиіп қалар.

 

Жарас ҚАСЫМ.

«Ауырмаңыз!» газеті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста