Рухани құндылық – ұлт қуаты!

Рухани құндылық – ұлт қуаты!

Бүгінгідей жахандану дәуірінде ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу аса маңызды іс болып отыр. Біздің еліміз ғана емес, көптеген елдер ұлттың тілін, ділін, салт дәстүр, ұстанымын сақтап қалу жолында жанталасуда. Өйткені жаһандық қауіп қатерлер, елдердің өзара бір-біріне тәуелділігінің артуы рухани құндылықтардың жасампаздық сипатын жаңа деңгейде қажет етіп отыр. Сондықтан уақыт ағымынан да қалыспай, ұлттық құндылықтарды да сақтау барлық елдің асыл мұраты болып отыр.

Осы орайда атап өтер жайт, ұлттық құндылықтарды бағалау атамекенді, мемлекеттің мүддесін қалыптастырушы ұлттың тағылымын және ұлт тұлғаларының ерлігін түсінуден шығады. Бағалау тарихты білуден, оның рухын бойға сіңіруден, тағылымын ұғынудан басталған. Сондықтан бүгінгі күні мемлекет тарапынан бұл мақсатта қыруар жұмыстар атқарылып жатыр. Еліміз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, болашақ ұрпақтың да көңілінен шығуына барынша ден қойды. Ұлттық құндылықтардың халық ұғымында, әсіресе жастардың ой өрісінде орын алуының маңызы зор! Ұлттық құндылықтар ұғымына халықтың зерде биігімен қарайтын болсақ ұғымы өте тереңде жатыр. Рухани мәнге ие халқымыздың төл дүниелерінің ұлттық құндылыққа айналып отыруы ең алдымен халықтың рухани деңгейіне тәуелді.

Осы орайда этнограф Ғаалия Қайдауылқызы "Біз қанша жерден қаласақ та, қаламасақ та жахандану дәуірінің ұрпағының танымы басқаша. Қазіргі таңда ұлттық құндылықтың бірі домбыраны жастар эстрада сүйемелдеуімін тартып этно өнімдерді қалыпқа келтіріп отыр. Қанша қарсылассақ та ұрпақ ұлттық дүниелерімізге заманауи реңк бере отырып қадіріне жетеді. Сондықтан оларға қарсы шыққанан гөрі, қолдап отыруымыз қажет. Негізі бұрынғыдай емес ұлттық дүниелерге халықтың ықыласы зор. Қазір алты қанат ағаш үймен ешкімді таң қалдыра алмайсың, алайда ұлттық ою өрнектерімізді үйдің интерьерінде қолдана отырып кірістіріп жіберсең, маңызы арта түспек. Бұл уақыт сұранысы. Сондықтан жұтылып кетеміз деп қорқып отыра бермей, уақыт ағымына ілесе білуіміз керек" дейді. Расында да соңғы кездері ұлттық дүниелерге қызыққан халықтың сұранысын қамтамасыз ететіндей заманауи реңк қоса білу керек. 

Ұлттық құндылықтарымызды жоқтау жолында мемлекет те құр қарап отырған жоқ. Мәселен мәдени ескерткіштерді түгелдеп, олардың жоқтаушысы бар екенін таныттық. Оларды түгелдеп, тарихымызды жаңғырттық. Ұлттық құндылықтар мен тарих астасып жатыр. Өйткені ұлттық құндылықтарды түгелдеу арқылы тарихымыздың бағасына жетеміз.

Еркенұр Қонысбай

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста