Алтыншаш ЖАҚИЯНОВА: Мектепке қарай асықтым, ұмтыла бірге елменен...

  • 34

БЕСІК ЖЫРЫ 

Өмірдің ашылып есігі,
Сәбидің қойылды есімі.
Бөбегім кішкентай өзіңді,
Күтіп тұр атаңның бесігі.

 

Қайырмасы: 

Әлди де бөбегім, әлдиім,

Уілдеп бөбектің сал күйін.

Өзіңді тербетіп отырып,

Жаныңда мен біраз қалғиын.

 

Әлди де бөбегім, әлдиім,

Сезінші әжеңнің жан-күйін.

Жасыңнан санаңа сіңіріп,

Ұғып өс еліңнің ән-күйін.

 

Бұл бесік талайды тербеткен,

Бесікте анаң да ержеткен.

Ұрпағым алаңсыз өссін деп,

Хас шебер қашаған еңбекпен.

 

Қайырмасы: 

Талбесік – көненің көзі бұл,

Толғасақ тарихтың өзі – жыр.

Әлдиде әжеңнің әні мен,

Бабаңның ұлағат сөзі жүр.

 

Қайырмасы: 

Бұл бесік – әулеттің ырысы,

Осында жата ғой, дұрысы.

Дәл осы бесікте жетілді,

Атаңның түгелдей туысы.

 

Қайырмасы: 

Әлди де әлдиім, бөбегім,

Иіскеп бетіңнен өбемін.

Ұйықтай ғой айтайын бесік жыр,

Ала ғой өзіңе керегін.

 

Әлди де, әлдиім, бөпешім,

Бесікте ұйықтады көкешің.

Өзіңнің анашың секілді,

Сен дағы жетіліп өсесің.

 

* * *  

Көрпе тіктім жүн салып,

Нан иледім ұн салып.

Неге ғана, бөпешім,

Тәтті болдың мұншалық?!

 

Ал, бөлейін, ұйықтай ғой,

Кіп-кішкентай қылықтым.

Түбегіңе күл салып,

Төсегіңді жылыттым.

 

ФАТИМА НЕМЕРЕМЕ   

Жуындырып, мәпеледім неше күн,

Нағашы апаң – шешесімін шешеңнің.

Немерені сағынып ем қанша жыл,

Сені әлдилеп, қайтқаны ғой есемнің.

 

Майлап-сылап қалған жоқпын аянып,

Жумаппын ғой отыз бес жыл жаялық.

Көңілімді көктем қылдың, боташым,

Қалған шақта күрең күзім таянып.

 

Қағажақтай құлыншағым, жеп-жеңіл,

Бір сабағы жатқандай-ақ шөпте гүл.

Бір мысқал да білінбейді салмағың,

Қолымда бір титтей жүрек, өкпе жүр.

 

Құлыным-ау, неге ғана жылайсың,

Жыласаң да сен біздерге  ұнайсың.

Қорқытасың, әлде апаңды сынайсың,

Өзіңе әлі толған жоқ қой бір ай шын.

 

Фатош деген пайда болды бір мықты,

Қалай әлден білесің сен қулықты?

Бәрімізді бір шыбықпен айдайсың,

Бұрын мұндай көрмеппіз ғой сұмдықты.

 

Көзіңді ашып қарайсың сен мөлдіреп,

Атаң да отыр «Фатошым» деп елжіреп.

Сен жыласаң, жүгіреміз бәріміз,

Құлай жаздап, танауымыз желбіреп.

 

 

«ӘЛІППЕМ» ҚАЙТА ОРАЛДЫ  

"Әліппе" келді, алақай,

Құтты болсын, балақай!

Оралды күнім қайтадан,

Қуандым мен де баладай.

Керексіз болып қалды енді,

Сапасыз кітап жарамай!

 

Білімге сусап, шөлдеген,

Кеудемді шаттық кернеген.

Мектепке қарай асықтым,

Ұмтыла бірге елменен.

 

"Әліппем" қайта оралды,

Сапасы білім оңалды.

Сыныпқа кірдім асығып,

Оқушылардың боп алды.

 

* * *

«Сүндетке, апа, жатқызам, - дейді, дұрыс па?» 

Көзінде үрей, жауабын күткен сұрақ тұр.

 

Сүндетке жатқан немерем қоймай жылап тұр,

Жылама, балам, алғашқы болар сынақ бұл.

Қарашы, бәрі қуанып жүр ғой сен үшін,

Маңайыңдағы шаттыққа, балам, құлақ түр.

 

Мұсылман болдың, азамат болдың, қарашы,

Сен бүгін, ботам, өзгеден ерек, дарасың.

Жолыңда сенің өбектеп жүр ғой ата-анаң,

Ойыншықтар менен киімнің әкеп жаңасын.

 

Бауырларың да маңына тасып керегін,

Жатырсың, әне, ұлындай болып төренің.

Домбырадан соң арманың болып жүр еді,

Мен саған бүгін гитара әкеп беремін.

 

Құрметіңе әкең үй алып жатыр жаңадан,

Әке мен шеше аясын несін баладан.

Есейдің енді, кішкентай бала керек-ақ,

Жүгіріп шығар кірген кезіңде даладан.

 

* * *

Қылығыңды дабырайтып, молайтып,       

Аттарыңды сан қайталап, сан айтып.

Отырғаным шай үстелдің басында,

Сенің «апа» дегеніңді және айтып.

 

Іштей күтіп, тағат таппай сағынып,

Отырғаным сендерді ойлап қамығып.

Өзі тапты, көтерді өзі тоғыз ай,

Бере қойсын сені маған не қылып.

 

Осы қалпы тұра ма адам мәңгілік,

Әкеп жиі тұрмайды ғой жанды ұғып.

Төрт немерем төрт жағымнан қаумалап,

Жараспай ма жүрсем егер сән құрып?!

 

Бар бейнетті көтерейін өлгенше,

Жаралғанмын сондай болып сендерше.

Жиі көріп өздеріңді тұрайын,

Қу жанымды қара жерге бергенше.

 

Бұрқылдатып самауырды қайнатып,

Сендер ойнар жайды қойдым жайнатып.

Сендер келіп көре ме деп төрдегі,

Теледидар қойдым, әне, сайратып.         

 

Көлденең шөп жатпасын деп жолыңда,

Құм төсеттім сендер ойнар орынға.

Күн түспесін деп төбеңнен бұл апаң,

Шатыр тікті ақпен қаптап қалыңға.

 

Қылығыңа өздеріңнің шөлдедім,

Шөлдегенде сусынымсың сен менің.

Сағынғанда баратын да мұршам жоқ,

Тұсау болып жырға көңіл бөлгенім.

 

 

ӨСИЕТ           

Ұрпақ үшін адам өмір сүреді,

«Ұрпақ қалсын!» деп атамыз тіледі.

Ешкімі жоқ Жақияның ұрпағын,

Жалғастырдық, оны бәрі біледі.

 

Үлес қостым атында боп атаның,

Қасиеті тиген болар батаның.

Алла маған екі ұл мен қыз берді,

Ел қатарлы мен де «ана» атандым.

 

«Ене» атандым, қос келінді қондырып,

Көрген жоқпын ешқайсын да тоңдырып.

Сая болдым балаларға.

Кейбіреу,

Келіндерін көрмесе де оңдырып.

 

Аман болсын алтындарым, немерем,

Өздеріңе жұқсын менің өнегем.

Жақсылықты бойларыңа жиып өс,

Атам қазақ: «Балам жаман» демеген. 

 

 

ӘКЕМ ЕККЕН АЛМА БАУ  

Бақшамызда алма бар,   

Әкем баптап өсірген.

Жылда солай жалғанар,

Жеміс алып өсімнен.

 

Ақ алма бар, көк алма,

Қызылы бар – көп алма.

Өзі: «алшы» деп тұрар,

Піспегенін сен алма!

 

Дәмі тәтті бал шырын,

Шекер сеуіп қойғандай.

Жуасың да, бар шыным,

Жей бересің ойланбай.

 

Тіл үйірер дәмі - бал,

Әкем еккен алмасы.

Түсіп қалар түрі бар,

Кел, кешігіп қалмашы!

 

Тіл үйірер дәмі - бал,

Әкем еккен алмасы.

Түсіп қалар түрі бар,

Кел, кешігіп қалмашы!

Автор
Последние статьи автора
  • 331
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 472
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста