Әйел теңдігі – демократиялық қоғамның көрінісі

Әйел теңдігі – демократиялық қоғамның көрінісі

Қазіргі таңда гендерлік теңдікке жету  еліміздегі демократиялық саясаттың көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Гендерлік саясат – қоғамның барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігін сақтауға бағытталған мемлекеттік саясат. Еліміз  гендерлік саясатты жүзеге асыру үшін біршама істер атқарды. Соның бір көрінісі – Қазақстанның 2030 жылдарға дейінгі отбасылық және гендерлік саясаты тұжырымдамасын іске асыруда атқарылған шаруалар. 

Бүгінде  мемлекеттік қызметтегілердің барлығы дерлік әйелдерге қатысты кемсітуді жою туралы конвенция ережелерін басшылыққа алып жұмыс істейтін болған. Яғн нәзікжандыларға жұмыс барысында қандай да бір тыйым көрмей, өз қызметін ықыласпен атқаруына толықтай мүмкіншілік жасалған. Елімізде әйел теңдігі деген ұғым мен олардың ер-азаматтармен үзеңгілес мемлекеттік қызметте жұмыс ісиеуіне мүмкіндік берді. 

Назерке ЕРІК, №2 Бостандық аудандық сотының жетекші маманы: – Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi. Бүгінгі таңда халықаралық аренада әйелдердің саяси көшбасшылығы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. гендерлік саясат «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдарымен реттеледі. 2016 жылы Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы сәтті іске асырылып, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілген болатын.Соңғы жылдары елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған нәзік жандыларға арнап түрлі дағдарыс орталықтары ашылды. Гендерлік теңдік мәселелерін ілгерілетуде үкіметтік емес ұйымдар да үлкен рөл атқарады. Қазіргі таңда Қазақстанда 25 мыңдай үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді, оның ішінде шамамен 300-і әйелдер, отбасы және балалар мәселелерімен айналысады. Халықаралық аренада әйелдердің саяси көшбасшылығы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Қоғам мен мемлекет тарапынан да нәзік жандылардың іскерлік белсенділіктері мен саяси ықпалдастықтарына деген сенім жоғары деңгейде көрініс табуда.

Гендерлік теңдік деңгейі жоғары болған сайын, отбасы мүшелерінің өздерінің тұрмыстық, экономикалық, адамгершілік-тәрбиелік, қорғаушылық және басқа да маңызды функцияларын орындауда жауапкершілігі, тепе-теңдігі мен нәтижелігі жоғары болады. Осылайша, заманауи берік отбасының қалыптасуына жағдай жасау және гендерлік теңдікке қол жеткізу қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың ажырамас процесі болып табылатыны айқын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста