Жындыханаға тапсырған баланың көз жасы жібермегені ме?

Жындыханаға тапсырған баланың көз жасы жібермегені ме?

Менің көршімнің Салтанат атты қызының туабітті кемістігі бар еді. Кемістігі сырт бейнесінен-ақ байқалып тұратын: маңдайы қисықтау біткен, көздері шарасынан шығып кетердей бақырайған. Алайда Салтанаттың жан баласына зияны жоқ, не болса да өз бетімен жүруші еді.

 

Өткен-кеткен адамға бажырая қарап үн-түнсіз жүре беретін Салтанат күндердің күнінде жоқ болып кетті. Әншейінде есік алдында сенделіп жүретін оның жоғы бірден сезілді. Ол қайда кетті? Оқиғаның мән-жайын «Алаш айнасы» порталының оқырмандарына айтып берейін.

 

Көршілерден естігенім: Салтанатты әке-шешесі ақылдаса келіп үкіметтің үйіне өткізіп жіберіпті. Былайша айтқанда, жындыхананың өмір бойғы бөлімшесіне тапсырыпты.

 

Негізі, Тұмар мен Қапиза (Салтанаттың әке-шешесін айтып отырмын) – ауқатты адамдар. Кеңес өкіметі кезінде басшылық қызметтерде болып, Тұмар отбасының жағдайын әлдеқашан жасап қойған азамат. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған. «Дүние – қолдың кірі» демеуші ме еді, дүние-мүлкі, кеңшардан алған су жаңа үйі сай болып тұрса да, осы отбасында келеңсіздіктер аз болмады. Басқасын айтпағанда, Салтанаттың кем болып тууының өзі бір үлкен бақытсыздық емес пе?

 

Рас, бұл отбасының балалары мектеп қабырғасында жақсы оқыды, тәртіпсіз болып аттары шыққан емес. Алайда Әсия атты қыздары студент болып жүрген шағында жұртты қатты шулатып, жан түршіктірерлік әрекет жасады. Оның біреуден аяғы ауыр болып қалыпты. Сыртқа сездірмеймін деп әуелгіде ішін қатты тартып байлап алып жүрген Әсияның жүктілігін айналасындағылар сезбеді. Айы-күні жетіп, жатақханада Әсияны толғақ қысады. Жаны не деген берік десеңізші, Әсия дәрігер шақырмастан, өзі дәретханада босанған көрінеді. Тек жанында сіңлісі болыпты. Дені сау болып туса да, Әсия баланы дәретханаға тұншықтырып өлтіріп, орап, қоқысқа тастай салады. Кейін қоқыстағы баланы әлдебіреулер тауып алып, бұл жайт полицияның құлағына жетеді де, сол маңда тұратындарды, әсіресе, жатақхана тұрғындарын тергеп-тексеру басталады. Сөйтіп, баланы туған адам Әсия екені әшкере болды. Бұл оқиға елді естен тандыра жаздағанымен, ізі тез суыды. Әке-шешесі «қызымыз бейкүнә нәрестені өлтірді, жазасын алсын!» демеді, құқыққорғаушыларға пара беріп, ымыраға келісті. Сөйтіп, Әсия сүттен ақ, судан таза болып, түк болмағандай жүре берді. Кейін тұрмыс құрып, балалы-шағалы болды. Қайын жұрты, күйеуі оның істеген ісінен бейхабар да шығар.

 

Осы оқиғадан кейін Тұмардың тұңғышы Санабек жол апатына ұшырап, өлім аузынан қалды. Айлар бойы төсекке таңылып жатып, әрең жазылды.

 

Осылардың бәрі ұмытылды дегенде Тұмар мен Қапиза жазықсыз Салтанатты жындылардың мәңгілік мекеніне тоғытты. Мен оларды жақсы түсінемін. Ауру бала көзге күйік шығар. Оны бағудан отбасы мүшелері шаршаған болар. «Ертең о дүниеге аттансақ, кімге қарап қалады? Аман-сауымызда үкіметтің қолына беріп кетейік» деген шығар ата-анасы. Бірақ олай дейтіндей, тым қартайып тұрған адамдар емес қой. Оның үстіне, отбасында 5-6 бала бар, бірі болмаса бірі бағатын еді. Бірақ біз бұлай ойлағанмен, Тұмар мен Қапизаның ойы біздікінен алшақ болып шыққаны ғой?

 

Сөйтіп, мен құлдыраңдаған Салтанатты ойлап, уайымдайтын болдым. Жасы 30-дар шамасында болғанымен, өз жасынан тым жас көрінеді. Кішкентай бала сияқты, бойы да өспей қалған ғой. Музыка үні естілсе, билей жөнелетіні есімде. Үйіне келген қонақтарға таңдана қарап, айналшықтап жүретін.

 

Салтанаттың бұл үйден кеткеніне біраз уақыт болғанда Тұмардың шаңырағында тағы да бір оқыс оқиға болды. Ол бұл үйдің екінші ұлы – Шаханға байланысты.

 

Шахан аудандық ҰБТ орталығын басқаратын. Айта кететін бір жайт, ол өзі өте жылпос, пайдакүнем болып өсті. Мектепте мұғалім бола жүріп ҰБТ орталықтары құрылғанда жоғарыдағыларға пара тыққыштап, сол орталық тізгінін қолына алып алды. Содан былай қарай Шаханның жемқорлық өмірі басталды да кетті. ҰБТ келсе, Шаханға миллиондар домалап келеді дей беріңіз!

 

Шахан ҰБТ-ға былай дайындалады. «Балама көмектес» деп келгендерге «150 мың теңге дайындай беріңіз!» - деп тапсырма беріп қояды (алғашқы жылдары бұл дегеніңіз көп ақша еді ғой, қазір де 150 мыңың аз ақша емес). Сөйтіп, өзі қаладан білімді деген бірнеше мұғалімді аудан орталығына алдыртады. Әрине, оларға алдын ала «жүз мың теңге аласың» деп, уәде береді. Олардың ішінде міндетті түрде қазақ тілі мен әдебиеті, математика, орыс тілі және ҰБТ-де өзінің көмегіне жүгінген оқушы таңдаған бесінші пәнге жетік майталман ұстаздар болады. ҰБТ келіп жеткен күні әлгі ұстаздар командасын Шахан бір үйге орналастырады да, телефондарын ағыттырып тастайды. Сөйтіп өзі ҰБТ өтетін жерге кетеді. Біраз уақыттан соң оның іштен дайындап қойған адамдары тест тапсырушылардан «шпаргалкалар» мен флеш-карта, ұялы телефондарды шығара бастайды. Олардың бәрін жиып-теріп, Шахан әзірлеп қойған принтерден шығарады да, мұғалімдеріне береді. Олар тапсырмаларды орындап болысымен, іштегі өзі келісіп қойған кезекшілер арқылы қайтадан оқушыларға жібереді. Кезекшілер де, әрине, «қол ақтықтан» құр қалмайды. Нәтижесінде Шахан 30 шақты баладан 4 жарым миллиондай ақша тауып, оның бір бөлігін тапсырманы орындаған мұғалімдерге, біразын «шпаргалка» тасымалдаған кезекші мұғалімдермен бөліседі. Бір қызығы, Шаханға ақша берген ата-аналардың ішінде балалары онсыз да жақсы оқитын, Шаханның көмегінсіз-ақ ҰБТ-де жақсы ұпай жинағандар болыпты. Олар сыннан өз күштерімен өтсе де, ата-аналары Шахан өткізді деп ойлайды екен, себебі алдын ала ақша беріп қойған. Шахан қу болса үздік балаларға аса көмектесіп жаны қиналмайды.

 

Өстіп-өстіп Шахан айналдырған үш жылдың ішінде облыс орталығынан ойып тұрып үш бөлмелі пәтер сатып алды.

 

Ауру қыз Тұмардың Шахан сияқты ұлдары жетіп жатқан осындай «жетістіктеріне» селкеу түсіргендей болды ма екен, әйтеуір Салтанатты жындылардың арасына тоғытып, қиып кетті. Өздері ойын-тойларда жайбарақат жүріп, қарқ-қарқ күліп, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ күйде жүргенін көресің. Бірақ олардың бұл жүрістерін Алла Тағалам қош көрмеді білем. Бұл кезде ҰБТ-дегі жемқорлығы дүйім елге белгілі болып құпиясы қалмаған Шаханның үстінен іс қозғалып жатты. Полиция ма, басқасы ма, Шаханның соңына түсе жүріп, оны пара алу үстінде қолға түсірді. Дегенмен, қалтасында томпиған миллиондар оның жарға жықтырып қойсын ба, ақшаның күшімен жылдам құтылды пәледен. Дегенмен, жемқор Шахан құқыққорғаушылар құрығынан құтылғанымен, Алланың құрығынан құтылып кете алмады. Бірер жыл жемқорлықтың желі басылғанша күзет, басқа да ұсақ-түйек жұмыстардың басын қайырып жүре тұрған ол кейіннен бір ауылдың әкімі болып алды. Бірақ оның ауылдың қазынасын асауға барған аранына ақша емес, мал да емес, дәрі құйылды. Шахан көлік жүргізіп келе жатып ауыр жол апатына ұшырады. Бірнеше күн ес-түссіз жатып, кейін есін жиса да кісі танымай, есалаң болып қалды. Қазір сауыққанымен, ара-тұра ауруы сыр беріп, есі кіресілі-шығасылы болып қалады. Жұрт Шаханды жиі ауызға алады, бірақ оның жемқорлығын көп айта қоймайды. Әке-шешесі ауру қызынан безініп, көздерін жаутаңдатып, темір торлы терезенің артында қалдырып кеткендіктен, Шахан осындай болды деп ойлайды.

 

– «Ауру перзентіңді өзекке теуіп, ақшақұмар балаларыңды қызықтағың келді ме? Бір аурудан құтылам десең, орнына басқа ауруды берейін!» деген Алла Тағаланың қаһары емес пе! – дейді елдің бәрі.

 

Айтпақшы, біздің ауылда осыған ұқсас тағы бір оқиға қайталанды. 60-қа толмаған Айман апай инсульт алып, сал болып қалды. Денесінің бір жағы жансыз. «Айман тегіннен-тегін жансызданып қалған жоқ! Ол да ешкімге зияны жоқ момын қызын әй-шәй жоқ жындылар үйіне тапсырып тастады емес пе! Ол қыз бала мылқаулығы болмаса, ақыл-есі дұрыс еді. Тек бойы өспей қалған. Обалы жібере ме оның?! Өткенде облыс орталығына жындыханаға әлдебір анықтама алуға барғанымда, әлгі қыз бала мені терезеден көріп танып қойып, өкіріп жылап, әйнекті сындырып жібере жаздады. Мөлиген екі көзі әлі күнге дейін түсіме кіріп жүр», - деп көзіне жас алғанын көрдім бір ауылдасымның.

 

Ойлап қарасам, дәл бұлай ауру баланың обалы мен қарғысына қалмау керек екен-ау!

 

 

 

Динара Тоқжігіт

alashainasy.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста