Жындар мен перілердің тигізер зияны

Әлемдердің Раббысы Алла Тағала ғана білетін, яғни бізден басқа біз білмейтін әлемдер бар. Жаратушымыз өзінің кітабында: адамдарға періштелер мен жындар әлемі бар екенін және олар бізбен қатарласып өмір сүріп жатқандығы жайында хабардар еткен.

Нақтырақ айтқанда, жер бетінде бізден басқада өмір бар. Мысалы, қарапайым ғана адамның қолымен жасалған телевизерді алып көрсек, бір жәшіктен жүздеген канал шығып тұр, бірі шығып жатса, екіншісі қатарласып экранға кіріп келмейді. Сол сияқты әлемдер де Алланың әмірімен бір-біріне соғыспай, қатар өмір сүруде. Бұл Алла Тағаланың шексіз білім мен құдірет иесі екеніне дәлел.

Бірақ олардың адамдарға қатыстылығы (жұғысу, көкейіне ой салу, қорқыту, күнәға итеру… т.б) бар болғандықтан Алла Тағала өзінің соңғы пайғамбарының с.а.у. хадистері арқылы біздерге біраз мәселені ашық білдірген.

Періштелерге келетін болсақ: мұсылман пенде білуге тиіс нәрселер бар. Айталық: олар нұрдан жаратылған, жай адамға көрінбейді (тек пайғамбарларға көрінген), тамақ ішпейді, жынысқа бөлінбейді, барлығы мұсылман, әрқайсысының қызметтері бар (табиғатты реттеуші, жан алғыш, амал жазғыш, Алланың сөзін жеткізуші, т.б.). Періштелер жайлы Құран мен хадисте айтылған шектен асып зерттеймін деу әурешілік, оларды көрдім деп айту күнә және адасу болып табылады.

Жындарға келетін болсақ: олар оттан жаратылған, еркегі – жын, ұрғашысы – пері, кәпірі – шайтан деп аталады, шамамен 300 жылдай өмір сүреді. Шайтандардың ең үлкені һәм ұстаздары Ібіліс малғұн. Ол Адам ата мен Хауа анамызды азғырып жәннаттан шығарған. Оған ақырзаманға дейін ғұмыр берілген, содан кейін оны тозақ күтіп тұр, яғни ешқандай үміті жоқ. Атам қазақ «үмітсіз шайтан» деген сөзді бекер айтпаған. Жындар мұсылман және кәпір боп бөлінеді. Мұсылман жындар Құранға иман келтіріп, пайғамбарымыз с.а.у. Мұхаммедке, «біз адамдарға зиянымызды тигізбейміз!» деп уәде берген. Ал, кәпір жындар Ібіліске еріп, күні бүгінге дейін адамдарға зиянын тигізуде. Жындар адамдарға былайша зиян келтіреді:

1. Кешірілмейтін күнәға итермелейді;

2. Азғыру (уас-уас) арқылы үлкен күнәлар істетеді;

3. Тікелей жұғысады;

4. Адамның денесіне, яғни ішіне кіріп алады;

5. Сиқырлайды.

Кешірілмейтін күнә – ол Аллаға серік қосу. Бұл күнә ең алғаш Нұх ғ.с. заманында пайда болған. Шайтан ол кезде адамдарға бұрынғы өмірден өткен салиқалы жандарды еске алу үшін оларға арнайы «ескерткіш орнатыңдар» деген ой салады. Жақсы адамдарды «ескерткіш қою арқылы құрметтеу» деген түсінік алғаш осылай қалыптасқан. Шариғат бойынша жақсы адамдарды құрметтеу деп: олардың жақсы өсиеттерін ұмытпай, оған амал қылуды айтады.

Арада өте көп ғасырлар өткенде шайтан адамдарға жоғарыдағы ескерткіштерді көрсетіп: «бұлар жайдан-жай тұрған мүсіндер емес, қасиетті ата-бабаларың, әрқайсысы әулие-әмбие болған, сендерге пайдасы көмегі тиеді, көмек сұраңдар» деп, көкейлеріне салады. Одан кейін Ібілістің бұйырығы бойынша кәпір жындар қаңырап тұрған әлгі тас-ағаш мүсіндердің ішіне кіріп жайғасады. Олардың міндеті: ескерткішке сыйынуға немесе көмек сұрауға келген адамдардың көзіне елес боп көріну, нелер бір тылсым істерді жасау, дыбыс естірту. Ал, Ібіліс болса, адамдарға бұл құбылыстарды «ата-баба аруақтары ғой, олардан дұға тілеңдер, бұрынғылар да осылай істеген» деп сендіреді. Оны қалай істейді? Яки, азғана адамдардың көкейіне жоғарыдағы ойды салады да, сол арқылы қалған адамдарды азғырады.

Осылайша алғашында естелік үшін салынған ескерткіш, соңында дұға тілейтін қасиетті дүниеге айналып шыға келеді. Соңында адамдар ескерткіштің басына: қайғыларымен бөлісуге, жәрдем сұрауға, баратын әдет қалыптасады. Одан кейінгі адамдар мүсінді «біздің Құдайымыз осы» деп ойлайды. Шайтан қауымды осылай адастырады, яғни «Құлшылық бір Аллаға және оған тікелей болу керек» деген ұғымды жойып, тек әулиелер арқылы құлшылық қабыл болатындай ұғымды қалыптастырды. Адасушылар айтады: «Біз Алланы білеміз, ол бар, бірақ біз оған мына әулиелер арқылы жақындаймыз» дейді.

Сөйтіп жоғарыдағы қауым адаса бастағанда, Алла Тағала ол қауымға Нұхты пайғамбар етіп жіберді. Нұх пайғамбар ғ.с. қауымына: «Құлшылығымыз, дұға тілектеріміз, құрбандықтарымыз тек бір ғана Аллаға және тікелей ешкімнің көмегінсіз болуы қажет» деп уағыздады. Қауымы болса оған: «Сен жындысың, өтірікшісің, сенің сөзіңе еріп біз ешқашан әулие құдайларымыздан (олардың аттары Құранда айтылады) бас тартпаймыз, бұл ата-бабамыздың жолы» деп, қасарысып, ақыры топан судың астында қалды.

Шайтанның бұл әдісі бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда. Ібілісті араластырмай-ақ адамдар өздері ат салысуда. Неге? Себебі, діннен хабары аз адамдар табиғаттағы бейтаныс құбылыстар мен елестерді, тылсым дыбыстарды «ерекше қасиет» деп ойлайды. Егер ондай құбылыстар ағаштан байқалса – әулие ағаш, үңгірден байқалса – қасиетті үңгір, құдықтан білінсе – шипалы құдық т.б. болып шыға келеді. Исламнан бейхабар адамдар дұға-тілектерін айтуға сол жерге жинала бастайды.

Бұндай құбылыстардың барлығын жындар жүзеге асырады. Мақсаты – адамдарға «кешірілмейтін күнә» жасатып, тозаққа лайық ету. Егерде пенденің жүрегінде «Алладан басқа құлшылық қылуға лайық ешкім жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген сенім нық болса, бұндай адамға жындар зиянын тигізе алмайды. Ал, егер пенде жүрегінде бұл сенім нық орнықпаса жындар жұғысуын қоймайды. Одан құтылу өте қиын болады. Жын күндіз пенденің көзіне көрініп, түнде оны бастырып зәресін алады. Енді одан құтылудың жолы біреу: Аллаға тәубе жасап, жүрекке «Алладан басқа ешкімде қасиет жоқ, құдірет жоқ, өлтіруші де, тірілтуші де, қуантушы да, мұңайтушы да, дұғаны естуші және жауап беруші де тек бір өзі ғана» деген сенімді тастай қылып кіргізу. Сонда ғана жабысқан жын иншалла айналып қашады. Шайтанмен дос болмайық, қас болайық мұсылман бауырлар!


Таукен АЙТБАЕВ.  

alashainasy.kz/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста