Жолыңды байлап, алдыңнан тұз шашқан...

Сәлеметсіздер ме. Мен 26 жастамын Алматы қаласында тұрамын. Есімімді құпия күйде сақтасам. Қазір жоғарғы оқу орындарының  бірінде сабақ берем, одан басқа репетитор болып жұмыс жасаймын. Менің жеке өмірімнен жолым болмады. Қанша жігітпен таныссамда, бәрі жоғалып кетеді. Не істесем екен? Жасымда келіп қалды. Отбасымда тезірек «тұрмысқа шық», - деп мазамды алады.

 

«Танысқан жігіттерім бір — екі рет кездескен соң хабарласпай кетеді. Бойым 1.70, салмағым 48 кг семіз де емеспін, бір жігітке жар болар түрім де баршылық. Бірақ, неге екенін білмеймін жолым болмая қойды. Менде комплексте пайда бола бастады.

 

Анама «магистратура бітіргенше тұрмысқа шықпаймын» деп едім, Алла нәсіп етсе осы жылы магистратураны бітірем. Туысқандарымда «тұрмысқа шығуға әрекет жаса, мәнсап қуып жүріп қалма»,- дейді.

 

Тіпті, бірге жұмыс істейтін апайда баласымен таныстырып еді, олда хабарласпай кетті. Анасына «Ұнады, сүйкімді, ақылды қыз екен, өзін- өзі ұстауы, мәдениеттілігі ұнады, бірақ, бірдеме одан алшақтатып тұрған сияқты»,- деп айтыпты. Шыңдап қорқайын дедім.

 

Тұйықталып кеттім. Кездесуге шақырған жігіттерге шығуға жүрексініп қалдым. Құрбыларыммен де кездесуден қашатын болдым.

 

Мектеп бітірген жылы базарда бір сыған әйел: «Қызым, сенің жолыңды байлап тастаған, бақытсыз өтсін деп алдыңнан тұз шашқан, маған 2 түрлі жіп әкел ашып берейін жолыңды, сенен ат пен түйенің құнын сұрамаймын ғой» дегенде мән бермеген едім, енді сол ойымнан кетер емес. Расымен де өмірде дуа жасату деген нәрсе бар ма? Бар болса қалай қайтаруға болады? Балгерлерге баруға қорқам. Қандай ақыл айтасыздар?», — деп ойын аяқтапты.

 

 

Дереккөз: KYN.KZ

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста