Зираттан шыққан дауыс...

Таңғы ұйқынымнан әлі ояна алмай, мең-зең күйде жатқанмын.Сыртқы есіктің сарт-сұрт асығыс жабылғанынан секем алып, атып тұрдым. Сөйтсем, анам екен, түрі боп-боз. Әкемнің қолынан тастай қылып ұстап алған жіберер емес. «Қорқып кеттім» деген сөзді сан қайталап айта береді, көздері мөлтілдеген жасқа толы.

 

Даусы дірілдей: «Зират басына барып едім, қатты шошынып қалдым. «О-о, Аллай» деген дауыс құлағыма ап-анық естілді»-дей береді. Менің сансыз сұрағыма әкем: «Зират басында рулас ағайдың қабіріне топырақ салмақ болып, алға кеткен, баж етіп кейін қашты»-деп жауап берді.

 

Кейін ұққаным ағайдың қабірінің алдында үлкен жеңгесінің де қабірі болатын,соның қасынан байқамай өтіп бара жатқанда, «Ой-й,Алла-ай!» деген күңіренген дауыс зиратты басына көтерген және белгісіз бір күш еріксіз өз жағына қаратқысы келіп тартқандай болады. Шошынған анам алды-артына қарамастан қаша жөнеледі.

 

«Үстіме бейне бір ыстық су құйып жібергендей болды, тұла бойымды игере алмай, басқан аяғым кейін кетіп, үйге әкеңе сүйеніп әзер жеттім, құлағымда күңіренген дауыс әлі тұр, -деді өз-өзіне келе алмай отырған анам.

 

Содан әкем: «Бұлай болғаны жарамас. Қатты шошынсаң, «қорықтық» құйдырғанымыз жөн болар» - деді. Мен де әкемді құптадым.

 

Ауылымызда Разия есімді апай бар болатын. Бірнеше жылдан бері көрші тұрамыз. Сынық сипайтын, қазақы ем-дом жасайтын қасиеті болатын. Сол кісіні шақыртып, «қорықтық» құйғызған едік.

 

«Қорықтықты» қорғасыннан құяды екен. Қорғасынды ерітіп, анамды құбылаға қарата отырғызып құйған, құдайдың кереметі, қорғасын кенет өзінен-өзі бірігіп, суретке айналды. Суретте зират басындағы ай белгісі мен жүрек бейнесі шықты. Жүректе аздап тыртық салынған. Бұдан бұрын мұндай нәрсені көрмеген мен аң-таң күйде сілейіп қатып қалыппын.

 

- Қорғасын белгіні орамалға орап, кейін ағын суға ағызарсың, қашан қорқынышың басылғанша жастығыңның астына қойып жат, - деп Разия апай кетті.

 

Осыдан кейін анам өзіне-өзі келіп, үй шаруасына араласып кетті. Бұл күнде бұл оқиға ұмыт болды, бірақ менің ойым сан-сақта. Дүниеде бізге белгісіз тылсым бір күштің бар болғаны ма, сонда...

 

 

Айдана

vk.com

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста