Бірнеше жерінен ине қадалған суреттегі жігіт Алматы тұрғыны Әлішер Қабаев болып шықты. Ол сүйіктісі Аружан Қыздарбекова екеуі оқиғаны қалай қабылдағандарын айтып берді.
 
«Біз үшін уайымдаған адамдарға алғыс айтамыз. Аллаға шүкір, жағдайымыз жақсы және алдағы уақытта да солай болады деп сенеміз. Бұл жағдай бізді бей-жай қалдырған жоқ. Минут сайын көп хабарлама келеді», &ndash деп жазды Әлішер Instagram&ndashдағы парақшасында.
 
Жігіттің айтуынша, суреттегі сүйіктісімен ол екі жыл бұрын танысқан. Алайда, екеуінің арасына түскендер көп болыпты. Соған қарамастан жігіт қызбен әлі күнге дейін ара қатынасын үзбеген.
 
«Біздің ойымызша, бұл істі бізге қызғанышпен қарайтын адамдар жасаған. Бір жағынан, бұған мән бермеуге болар еді. Алайда, осы оқиғадан кейін достарымыз, туған-туыстарымыз бізді уайымдап, күнде хабарласады. Сондықтан біз де бұған назар аударуға мәжбүр болдық», &ndash дейді Қабаев.
 
Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы маңындағы зираттан табылған екі жастың суреті қызу талқыға түскенін жазған болатынбыз.