Жердегі адамдарды өзгеғаламшарлықтар басқара ма?
Әйгілі француз императоры, Ұлы қолбасшы Наполеон Бонапарттың бойы өте қысқа болған екен. Осының мәнін білмек болған француз зерттеушісі Антуан Лефевр Наполеонның қабірін ашуға үкіметтен рұқсат алады. Ұлы қолбасшының бас сүйегін зерттеу барысында ғалым түсініксіз жайға тап болады. Императордың басынан электронды механизмге ұқсайтын бір сантиметр шамасындай металдан жасалған зат табылады.
Ғалымдардың пайымдауынша, микрочип тектес зат Наполеон миының жұмыс істеу қабілетін еселеп арттырып, кез келген мәселені тіз және оң шешуіне көмектескен. Лефевр Наполеонның ұлы император дәрежесіне көтерілуіне осы «микрочип» септігін тигізгенін айтады. Жүргізілген жан- жақты зерттеулер барысында ғалымдар «микрочипті» Наполеонның басына жас кезінде өзге ғаламшардан келгендер орнатқан деген қортындыға келген. Ғалымдардың пайымдауынша өзгеғаламшарлықтардың мақсаты – адамзатты басқару, оның дамуына ықпал ету болған. Ғалымдар императордың басына «микрочип» қай жылы орнатылғанын да топшылап айтқан. Олардың болжамы бойынша Наполеонның басына «микрочип» 1794 жылы шілде айында орнатылған. Өйткені дәл сол шамада Наполеон бірнеше күн жоғалып кеткен. Кейін ол өзінің жоғалып кетуін тұтқынға түсіп, түрмеде отырғанымен түсіндірген. Алайда, Наполеонның сол мезгілде тұтқындалғаны туралы ешқандай тарихи дерек жоқ. Лефеврдің ойынша, сол кезде оны өзге ғаламшардан келгендер ұрлап кетіп, басына «микрочип» орнатқан.
Тарихи деректерге қарасақ, сол кездерден бастап Наполеонның әскери қолбасшылық қабілеті күрт арта бастаған. Ол қысқа мерзім аралығында талай биікті бағындырып, император дәрежесіне жеткен.
1810 жылдан бастап Наполеонның ісі артқа кете бастаған. Ғалым Ұлы императордың бойындағы мұндай құбылысты оның басына орнатылған «микрочиптің» ескіріп, істен шығуымен түсіндіреді. Лефеврдің ойынша, өз миссиясын атқарып болған Наполеонға өзге ғаламшар өкілдері электромагниттік сигналдар жіберуді тоқтатқан.
Ғалымдардың пайымдауынша, өзге ғаламшар өкілдерінің басқаруымен әрекет еткен адамдардың бір - Владимир Ульянов – Ленин.
Ресейлік ғалым Игорь Буничтің айтуына қарағанда Ленинді бала кезінде өзге ғаламшардан келгендер ұрлап кетеді. 1873 жылы 14 тамызда ауыл адамдары ұшатын табақшаны көрген. Ұшатын табақша ауыл аспанында екі сағат бойы қалықтап жүрген көрінеді.
Сол күні ағасы Сашамен аулада ойнап жүрген үш жасар Володя (Ленин) кенеттен, ұшты-күйлі жоғалады. Володияның ата-анасы полицияға шағымданады (ол туралы жазба дерек бар екен). Бірақ одан еш нәтиже болмайды. Арада екі апта өткенде баланы даладан шөп шауып қайтып келе жатқан шаруалар жол жағасынан тауып алады. Табылған кезде ол есі жайында емес, түсініксіз күйде болған. Үйіне әкелгенде ол алғашында ата-анасын да танымаған. Тек «75 жылдан соң Израиль мемлекеті пайда болады» деген сөзді айтқан соң ғана, анасының есімін атап жылай бастаған.
Ленин өлген соң зерттеулер жүргізген ғалымдар оның миының қатардағы адамдардың миынан екі еседей үлкен болғанын және миының аса жетілгендігін айтқан.
Жалпы, жердегі болып жатқан жағдайлардың бәрі өзге ғаламшардан басқарылып отырады деген болжам бар. Ал базбір ғалымдар Жер шарынан өзге ғаламшарда тіршілік иелері жоқ деседі. Кім білген...?