Жер астында өмір сүретін адамдар

Жер астында өмір сүретін адамдар

Егер ер адамның бойы 130 сантиметрден, ал әйел адамның бойы 120 сантиметрден қысқа болса, ол ергежейлі болып есептеледі. Мұндай адамдар жайлы бәріміз де естігенбіз. Ал көпшілігіміз өз көзімізбен көргенбіз. Алайда, бұлар шын ергежейлілер емес. Мұндай ергежейлілік – гипофиз, қалқанша, бүйрек үсті, ұйқы, жыныс бездерінің қызметінің бұзылуынан; мешел ауруының салдарынан; аяқ-қол, мойын, кеуде сүйектерінің өспеуінен пайда болған ауытқу нәтижесі. Оларда ұрпақ болмайды екен. Бүгін "Алаш айнасы" шын ергежейлілер туралы аз кем мағлұмат беруді жөн деп тапты. Ал шын ергежейлілер, қиял-ғажайып ертегілерде айтылатын бойы бір қарыс, жер астында тіршілік ететін адамдар деседі. Ғалымдардың пайымдауынша, олар адамдардың көзіне түспей, жер астында тіршілік етеді.

Ергежейлілер мекені
Орыс ғалымы Иван Лепехин өз естеліктерінде ергежейлі халық туралы деректер қалдырған. Ресей аумағын зерттеу барысында ол өзен маңынан, орманды және таулы аймақтардан адамдар мекендеген үңгірлерге кез болған. Үңгірлерден тұрмыс-тіршілік құралы болған қыш және темір ыдыстар табылған. Ғалымның пайымдауынша, бұл үңгірлерде ежелгі заманда адам көзіне түспей тіршілік еткен «сирте» халқы – ергежейлілер мекендеген.
Бүгінде жер асты үңгірлері ғалымдарды таң қалдырып отыр. Өйткені олар лабиринт сияқты болып, жер асты арқылы бірнеше елдерді жалғап жатқан көрінеді. Ғалымдардың болжамына қарағанда, мұндай үңгірлер Шотландия мен Францияның, Еуропа мен Түркияның арасын жалғап жатыр. Австрия, Германия, Венгрия сияқты Еуропа елдерінен табылған жерасты жолдарының тізбегі үзілмейді. Мемлекеттер арасын жалғап жатқан жерасты үңгірлерінің қашан, қалай пайда болғаны туралы қазірге нақты дәлел жоқ. Кәдімгі адамдар жасады деп айтуға келмейді, өйткені ол үңгірлердің биіктігі небары 70 сантиметрді, кей жерлерінде тіпті 40 сантиметрді құрайды.
Жерасты үңгіріне бай ел – Түркия. Сол елдегі Деренкуйю қаласының астынан 10 мың адам сиятындай үңгір табылған.
Ергежейліні көргендер
Ергежейлілер ежелгі заманда ғана емес осы заманда да тіршілік етіп жүрген көрінеді. Ергежейліні кездестірген адамдар да болған деседі. Мысалы, 1698 жылы Орал тауының маңын мекен еткен бір тұрғын қолында жылтыраған тасы бар бойы 20 сантиметрдей болатын ергежейліні көрген. Тұрғынның айтуынша, ол алғашында шошып кетіп, есін жиып үлгергенше, кішкентай адам жерасты үңгіріне кіріп кеткен. Ол ергежейліні сипаттап, көргенін қағаз бетіне түсіріп қалдырған. Ал 2008 жылы бір топ Аргентиналық жастар жолдан өтіп бара жатқан бойы біртұтам, сақалды адамды көріп бет-бетіне қашқан. Олардың арасынан тез есін жиған Хосе Альварес атты азамат ергежейлі адамды ұялы телефонның бейнекамерасына түсіріп алады. Сол күннің ертеңінде бейнеролик ғаламторда жарияланады. Кейіннен журналистермен кездескен Хосе Альварес ергежейліні көргенін растыған.
Жалпы адамдардың ергежейлерді әлемнің түкпір-түкпірінен кездестіргені туралы мағлұматтар бар. Ғалымдардың пайымдауынша ергежейлілер жерасты лабиринттері арқылы бір ел аумағынан екінші ел аумағына көшіп өтіп жүруі ықтимал. Сондықтан да ергежейлілердің мекені қай ел екенін дөп басып айту қиын. Десе де ғалымдар ергежейлілер мекені Еуропаның солтүстік батысы болуы мүмкін екенін айтады. Өйткені Скандинавия түбегін мекен еткен халықтарда ергежейлілер туралы аңыз көп тараған көрінеді.
Бойы қысқа адамдар
Бүгінде бойының қысқалығымен танымал болған жандар баршылық. Сондай жандардың бірі – Верн Тройер. Оның бойы 82 см. Ол каскадерлік мамандығын игеріп, бірнеше фильмнің эпизодтарына түскен. Ал 1999 жылы «Остин Пауэрс» фильмінде 9 айлық баланың дублері болып ойнаған. 2004 жылы Верн Тройер Женевьев Галленмен отбасы құрады. Оның жарының бойы 188 см.
Ал 20 жасар непалдық Хагендра Тапа Магардің бойы 67,08 см. 2010 жылдың 10 қазанынан – 2011 жылдың 12 маусымына дейін ол әлемдегі ең қысқа бойлы ер адам болып саналған. Оның салмағы 5,5 кг.
Ал бойы 1,07 метр болатын Тони Кокс 1958 жылы дүниеге келген. Ол «Нашар Санта», «Жұлдызды соғыс», «Мен, тағы да мен және Ирэн»,
«Уиллоу», «Өте эпикалық кино» фильмдері арқылы көпшілікке танымал болған. Ұлыбританиялық Уорвик Дэвистің де бойы 1,07 метр. Ол да актер ретінде көпшілікке танымал. Уорвик «Жұлдызды соғыс», «Нарнии хроникасы», «Гарри Поттер» фильмдеріне түскен.
Ал әлемдегі ең қысқа әйел адам – Полин Мастерс. Ол 1857 жылы туған кезде бойы 30 см болған. Ал тоғыз жасында оның бойы – 55 см, салмағы – 15 килограмға жеткен. Кейіннен 58 см бойымен рекордтар кітабына енген.
Ал, бойы 80 см болатын йемендік Яйя бин Яйя аль-Гхадера президент сайлауына түскен. Алайда бойына байланысты оны президент сайлауына жібермеген.
Ал 19 жасар Юти Амугрдың бойы қалыпты екі жасар баланың бойымен тең. Оның бойы – 62,8 см. Ютидің басты арманы – Голливуд жұлдызы болу екен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста