Жер асты жұмбағы...

Жер астында өркениет бар ма? Әрине, «жоқ» деп бірден жауап қайтарарыңыз ақиқат. Алайда, тылсым дүниенің сыры таусылған ба? Дүние уақыт ұзаған сайын алдыңыздан жұмбақ әрекетін жая түседі. Бірақ құпиясын аша қоймайтын тарих осынысымен қызық.

 

1970 жылы аспан кеңістігінде ұшып жүрген америкалық жер серігі Солтүстік полюстегі аумақтан таңғаларлық жерасты шұңқырын тапқан. Бұл не, шахтаға түсетін тесік пе, жоқ әлде, жер ойылып төмен түсті ме? Шамамен, жер астынан ұшақ ұшып шығатындай, тесік шұңқыр алайда, құпия сырын еш ашқан жоқ. Мамандар тексерді, мыңдаған сынақ жүргізілді. Бірақ мұның сыры беймәлім болып қала берді. Бүгінгі күнге дейін ғалымдар пікірталасы толас тапқан жоқ, болжамдар әртүрлі, бірақ ортақ пікірге келген ешкімді көрмедік. Алайда, ғалымдарды бір-ақ нәрсе ортақтастырды: Бұл шұңқыр – тесік жерасты өркениетіне бастап апарар тура жол.

 

Әрине, жерасты өркениеті туралы әңгіме барлық халықтың ертегілерінде бар.

 

Жерасты патшалығы туралы әңгіме қазақ ертегілерінде өте көп. Елдің бәрі «Ертөстік» ертегісін білетін болар. Өзі бір төбе болған Ертөстік сегіз ағасын іздеп жүріп, сан қилы қауіп-қатерлерге басын тігеді. Ақыры жалмауыз кемпірдің құрығына ілініп, жерасты патшалығына түседі. Мұнда да қиындықтарға кезігеді. Жерасты патшалығында оған Көлтаусар, Желаяқ, Тыңшы, Таусоғар сынды жанашыр достары кезігеді. Жер бетіне шығады. Сүйгеніне қосылады. Ақыры мақсат-мұратына жетеді. Үнді ертегілерінде Көк құдайына қарама-қарсы өркениетте өмір сүретін жерасты патшалығы бар. Мұны жұмақ дерсіз. Алтынмен апталған, қымбат, лағыл, жауһар тастары көп, жұмақ жерасты патшалығы туралы айтылғанымен, мұның құпиясын ешкім аша алған жоқ. Пікір болжамдар мен долбарға ғана құрылып келеді.

 

1976 жылы Чехословакияның Кркшон деп аталатын жерасты шатқалында қызғылықты сынақ жүргізілді. Оған әскери 12 адамды орналастырып, өзге өмірден оқшаулап тастады. Оларға бірнеше айға жетерлік тамақ-су, азық-түлік берілді. Үңгірде болып жатқан оқиғалардың барлығы да тыңдалып, жасырын бейнекамараға түсіріліп отырды. Бірнеше ай өткен соң, үңгірдегілер бір тосын құбылыстың орын алып жатқанын жер үстіндегілерге хабарлай бастады. Олармен түнге қарай біреулер сөйлесетін болған. Тіпті оларға басқа жерге көшу туралы ұсыныстар айтылған. Егер айтқандарын тыңдамаса, қиын болатыны да ескертілген. Сынақтың басталғанына 173 күн өткенде жер бетіндегілер алаңдай бастады, өйткені үңгірде жатқандармен байланыс үзіле бастаған. Ақыры бұл тосын жайтқа шыдай алмаған мамандар жер астындағы адамдарды сыртқа шығару үшін бейнекамерамен бірге бір топ зерттеушілерді түсірген. Ақыры не болды дейсіз ғой? Үңгірге түскен уақытта жер астында дірілдеп, үрейі ұшып отырған сержантты көреді. Қалғандары ұшты-күйлі жоқ, жоғалып кеткен. Ал ауыр жүйке күйзелісіне ұшыраған әлгі сарбаз ештеңе айтып бере алмаған күйі өліп кеткен. Тек сұқ саусағымен жер астын ғана көрсете берген. Бұл тылсым сырдың құпиясы әлі күнге дейін ашылмай келеді. Үңгірде болған әскери 11 адам басқа жерасты өркениетіне көшіп кетті ме, әлде оларды еріксіз зорлап алып кетті ме? Мұны ешкі айта алмайды, кәрі тарих қойнына сырын бүккен күйі қалды.

 

Ең алғаш рет жерасты өркениеті туралы болжам 1946 жылдан бастап айтыла бастады. Журналист-жазушы, ғалым Ричард Шейвер адамзатпен тілдесетін, бірақ жұмбақ қалпында қала беретін бөгде планеталықтар туралы «Таңқаларлық оқиғалар» атты кітап жазды. Ол бірнеше апта жер астындағы үңгірде өмір сүріп, ертегілерде айтылатын аңыз кейіпкерлермен кездесіп, әңгімелескені туралы журналистік зерттеу ретінде көлемді еңбек жазады. Енді бұл жайттың қаншалықты ақиқат екені белгісіз, дегенмен, бір аптадан соң редакцияға оқырмандардан жүздеген хат келе бастайды. Бір қызығы, ондаған оқырмандар жерасты өркениетінің барын растап, бастан кешкен, кезіккен таңқаларлық оқиғалары туралы айта бастайды. Тіпті тылсым күш иелерінде жер үстін түгелдей бақылай алатын арнайы аппараттар бар екенін де жасырмайды. Жер бетіндегі тіршілік иелерін көзбен көріп отырған олар алайда, неге бізге көрінуге құлықсыз? Әрине, мұның сыры әлі күнге дейін ашылған жоқ. Он жетінші ғасырда «біздік планетамыз – бос кеңістік, ақыл-ойы бар адамзаттан басқа мұнда ештеңе өмір сүріп келген емес» деп батыл болжам жасап келген америкалық ғалым, астроном Эдмунд Галлейдің болжамының алайда, жүз жыл өткен соң күлі көкке ұшты.

 

Тіпті Үшінші рейх көсемі Гитлер де қырқыншы жылдардың басында жерасты өркениеті туралы аңызға ден қойып, әр жерге экспедиция аттандыра бастады. Тіпті құпия жағдайда арнайы экспедиция жасақталып, жер-асты өркениетін барынша зерттеуге тырысты. «Суасты өркениетінің қаласы» болған Балтық теңізінің астына барлау жұмыстарын жүргізді. Бірақ бәрі де нәтижесіз аяқталды. Мүмкін, адамзатты қанға бояған Гитлер сол кездің өзінде-ақ жоғары дамып кеткен жерасты өркениетін жер бетіне пайдаланып, мәңгілік үстемдігін орнатқысы келді ме екен? Мүмкін.

 

1963 жылы америкалық екі шахтер Давид Феллин мен Генри Торн жерастына түсетін баспалдақтарды көрген. Бірнеше жыл өткен соң, ағылшынның екі зерттеушісі айдаладан осындай жерасты өткелі мен төмен түсетін баспалдақ барын айтқан. Олар тіпті әдемі плиталық мәрмәр тастан соғылған баспалдақтан жүз метрге дейін төмен түскен. Ары қарай адамзаттың тілінде емес, түсініксіз тілде сөйлеген дауыстар шығып, олар қорыққанынан жүрісін тоқтатып, тоқтап қалған. Олар үлкен аппараттың жанында тұрған бір көзді бірнеше адамды көрген. Осы кезде жер астындағы жұмыс істеп тұрған құрылғы-жабдықтардың дауысы бұрынғыдан да күшейе түскен. Әлгі біркөзділер бұларды нұсқап көрсеткеннен кейін, олар жоғары қарай қашып жер бетіне шыққан. Бірнеше күннен кейін әлгі жерге бір топ зерттеушілермен келген кезде ештеңе таппай қалған. Төмен қарай түсетін баспалдақтар да жоқ. Жердің беті тып-типыл, тегістелген топырақтың да ізі білінбей қалған. Сонда бұл не, өң бе, түс пе? Ақиқатын ешкім нақты айта алмайтын тылсым күштің сыры бүгінгі дейін құпия. Тағы бір мысал, осыдан оншақты жыл бұрын, яғни 2002 жылы Башқұртстанның Шандар қаласынан табылған «Чувыров картасы» туралы әңгіме бүкіл әлем ғалымдарының таңданысын тудырды. Ондаған ғасыр бұрын жасалған плиталық картада бүкіл әлемнің аумағы көрсетілген. Тіпті жерасты қалаларының да картасы сызылған. Демек, бұл карта балама әлемнің осы уақытта дейін өмір сүріп келгенін дәлелдейді. Жарайды, жер бетіндегі тіршілік иелері туралы мағлұматтар жетерлік дейік, алайда, неге осы уақытқа дейін жерасты өркениеті жайлы болжам аңызға бергісіз әңгіме күйінде қалып отыр?Америкалық ғалымдар жерасты қалаларының барын жоққа шығармайды, «бірақ ол – басқа әлем» екенін айтады. «Уақыт өте келе планетаның электромагниттік аумағы ауысқан сәтте, жерасты тоннелі ашылады, ал қалған уақытта жабық күйін-де тұра береді».

 

…Адамдардың тоннель ашылған сәтте баспалдақтармен төмен түсіп, тосын оқиғаға тап болып, қайта зерттеуге келгенде жер бетінің теп-тегіс күйінде сырын ішіне бүккен күйі жатуында, мүмкін, осындай құпия жатқан шығар.

 

 

 

Берік Бейсенұлы

kerey.kz

           

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста