Сәлеметсіздерме қыз-келіншектер! Менің жаныма бір сұрақ маза бермейді.Соның жауабын тапқым келеді.Негізі қарапайым отбасынан боламын. Сап-сау,денелі,денсаулығы мықты әкем аяқ астынан ауырып 49 жасында қайтыс болды.
Анама, екі ініме, маған бұл өте ауыр соққы болды.
Сонымен өмір жалғасып жатты. Бір-екі жылдан соң үйді жинап жүріп,анамның стол үстіне қойып кеткен қағаздарын реттестіріп жүріп, арасынан бір конверт сияқты қағаз көрдім. Анам мемлекттік қызметте істейді. Ашып қарасам,ішінде кептірілген қара жарғанат. Қорқып кеттім. Анама звандасам,не екенін білмеймін деп ол да аң-таң.Ол құжаттарды анам біраз уақыт сумкасында алып жүрген екен.Жұмыстан келген анам ,ананы көріп шошып кетті.
Бір қожа апа бар болатын,таныс. Сол кісіге хабарласты. Ертесі таңертең ерте келіп ол кісі үйді аластап, құран оқып,кепкен жарқанатты суға ағызып жіберді. Содан кішкене үйіміз жарық, кең сияқты болды. Оған дейін үйдің іші күңіреніп,жүрегіңді қысып, еңсеңді басып жіберетін. Кейін ойлана қарасақ бізде осы сияқты түрлі жайт көп болған екен...
Мысалы ине көп табатынмын, әр жерге қадалған. Қара жіп жақсылап оратылған. Мән бермейтінмін.Сосын есік алдындағы шұқырға құйылған қою қан көрдік, бір неше рет. Біз оны ит әкеліп тастаған болар дедік.Осы жәйттар ойыма маза бермейді.Өзім тұрмыстамын. Анамды,бауырларымды уайымдаймын. Егер біреулер бір амалдар жасаған болса ,не үшін істеді екен? Кім істеді? Тағы істесе ше? деген ойлар маза бермейді.
Мұндай жағдайлар жайлы білетіндер болса ақыл беріңдерші. Не үшін істеледі мұндайлар? Және одан қорғану үшін не амал бар?