Жапан түзде соңымнан ерген "әйел"

Менің басымнан өткен ұмытылмас қорқыныш. Сол күні мен ауылдан қалаға өз көлігіммен жолға шыққан болатынмын. Ауылға інімнің туған күніне барғам. Қонамын деп жоспарлаған болатынмын, бірақ басқа жағдайға байланысты түнгі сағат 12 де жолға шығуға тура келді.

 

Ауыл мен қаланың ортасы 2-3 сағаттық жапан даламен жүретін жол болатын. Жолда ұйқым келіп, әлсін әлсін көзім жұмыла берді. Сондықтан радио қосып, сергек болу үшін 1-2 аузыма кофейный конфет салдым.

 

Біршама уақыт өткен соң алдымнан әйелдің бейнесі көрінді, бет жүзін көре алмадым себебі алға қарай жүріп барады. Қасынан жаймен өте шығып кете бергім келді, бірақ кім білсін қыз бала, қандай да бір жағдай болған шығар, алып кетейін, әрі жолда әңгіме айтатын да адам болады деген оймен 5-6 метрге тоқтадым.

 

  Мен тоқтаған бойда қыз да жүрісін тоқтатты. Тоқтап артқы айнаға қарағанымда, қыздың киінгені біртүрлі көрінді, ақ ұзын көйлек, басында орамал. Неге тоқтап қалғанын түсінбедім. Оған ешқандай қатер төнбейтінін айтқым кеп машинадан түстім. Сосын дауыстап: "Сізге көмек керек пе? Жеткізіп салайын ба?"-деп сұрадым, бір жағынан бет жүзін көргім келді, бірақ қараңғы дым көрінбеді. Ол үндемеді. Сол мезетте мені бойыма қорқыныш ұялады, "ол кім өзі?". Мен жаймен қайта машинаға отырдым, есік жауып жатып тағы сұрадым "Мен кеттім, сізге шынымен көмек керек емес пе?" сол сәтте қыз алға қарай жылжи бастады. Мен қорқайын дедім. Ол тез қадаммен жақындай түсті, бет жүзі орамалымен көрінбеді, сол сәтте көліктің артқы шамынан оның қолдарын көрдім, қолы ап арық, тіпті сүйек дерсің, түсі бозғылттанып, тырнағы ұзын әрі қоңыз лас еді.

 

   Менің бойымды қорқыныш биледі. Көлікке отыра сала мен барлық есіктерді құлыптап тастадым, жүрегім кеудемнен шығып кетердей, қолдарым дірілдеп, оң жаққа басымды бұрғым келмеді, себебі есік алдында сол бір мақұлық тұр еді. Кенет көлік қызбай қалды. "ТУК - ТУК - ТУК" ол терезені соға бастады, мен отырған күйі қоркыныштан қатып қалдым, терезеге карағаным сол еді, қыз деп ойлаған нәрсе жігіт ке ұқсас, тіпті айыру мүмкін емес. Ол қап қара көздерімен маған тура қарап тұрды, бет терісі солып калған, көгерген, тістері ұзын, сөзбен айтып жеткізу мумкін емес мақұлық еді.

 

     Мен қолым дірілдеп кілтті бұрып көлікті қыздырдым. ТУК - ТУК -ТУК тағы соқты. 2-3 минуттан кейін жылдамдық жүзден асты, баса бердім. Сосын сәлде болсын өз- өзіме келдім. Бірақ бұл ұзаққа созылмады, он жақтағы терезеден біреудің маған карап тұрганын сездім, жылдамдық 150 км/сағат болатын. Бірақ ол жанымда жүгіріп келеді. Менің көзіме жас келе бастады, мен көлігімнен дауыстап тез жүруін сұрадым. Маған бұл мақұлық бір сәтте терезеден секіріп кіріп мені жоқ қылатындай көрінді. Оған қайта қарауға батылым жетпеді. Осылай қанша жүргенімді білмеймін, әйтеуір қалаға жақындап, айналамда көліктер пайда болғанын көріп, жеңілдеп калдым, сонда да оянып кетіп бұның бәрі түс болғанын каладым. Жоқ бұл шын. Мен қала ішіне кіріп өз үйіме жакындадым, 5 - этажда тұрам. Көлігімді тұраққа койып, шықпай айналама тағы қарадым. Жакын жерде бір топ жастар жүр екен, соларды көріп батылдық жинап подъезге кіріп, үйге жеттім. Үйде жалғыз тұрамын. Тездетіп ұйқыға жаттым. Кенет......

 

Даладағы көлігімнен сигнал ойнап жатты. Оянып кеттім. Жаңағы жастар шығар деп кілтті алып терезеге жакындағаным сол еді, көргенімнен қолымдағы кілт жерге түсіп кетті. Көліктін жанында турған сол еді жаңағы мақұлық. Оның назары менің тереземде. Мен келесі бөлмеден фотоаппарат алып оны түсіріп алдым. Ол сол күйі маған карап тұрды. Мен өз - өзіме келу үшін жуынатын бөлмеге бардым, бірақ жетпей жатып, есіктін ар жағынан біреу тырнап, таныс дауысты естідім "ТУК ТУК ТУК"

 

Сол түні мен ұйықтай алмадым. Әр түн мен терезеге 0араған сайын ол тұрады. Ол мені қалайда қолына түсіреді...

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста