Әлемде қосымша қол-аяқпен туылатын балалар өте сирек кездеседі. Бұл полимелия диагнозы деп аталады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Elorda.info-ға сілтеме жасап.
Daily Mail басылымының мәліметінше, Үндістанның Раджастхан штатында үш қолды сәби дүниеге келген. Баланың екі қолына қоса арқасынан қысқа қол өсіп шыққан. Ол қолында үш-ақ саусақ бар.
Желіде ереше сәби түсірілген видео тарады. Бейнежазбадан бүйірінен жатқан баланы көруге болады, үшінші қолын ұстаса, бала жылай бастайды.