Тышқан жылы: Елімізде 2020 жыл қандай болмақ

Қазақ халқы тышқан жылын береке, ырыс, татулық пен бейбітшіліктің жылы деп санаған. Ел арасындағы бұл сенім көп жағдайда дәл келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап.

 
 

Көрнекі фото: pixabay.com

Тарих парақтарына көз жүгіртсек, тышқан жылы көп жағдайда аштықсыз, жаугершіліксіз, қиындықсыз өткен.

Қанжығалы Бөгенбай батыр тышқан жылы (1684) өмірге келсе, атақты "қарлығаш әулие" атанған Төле би тышқан жылы (1756) қайтыс болыпты, сондай-ақ, алғаш рет Қазақ ордасы тышқан жылы құрылған (1456).

Басылым мәліметінше, 5 ғасыр бұрын жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының  "Шипагерлік баян" кітабында мүшел жыл белгілерінің ерекшеліктеріне қарай адам мінезі сипатталған.

"Сумақы (тышқан). Мүшелдік жыл сумақыда жымысқы қулық, күндіз үйкүшік, әшкере харакеті аз, түнде жасырмалы харакеті көп, суыққолдылығымен қарақшылық жегіштігі мол, дәулет жиғыштығы күшті. Әлдіден қорыққыш, әлсізді басынғыш, һалал, һарам шикілі-пысылы талғаусыз жегені ас болатын, өсексіз болса да ұластырмалы айласымен елді шулатқыш, қырқыстырғыш. Ар-ұяты аз, шімірікпес, лыпылдаған сайқал, күлді-көмеш қулықтар мінездемелік әйгіленшілер көбірек болмақ" , - деп жазды Тілеуқабылұлы.

Астролог мамандардың айтуынша, тышқан жылы туғандардың мінезі тік, алғыр болады. Олар бастаған істі аяғына дейін жеткізетін мол жауапкершілікке ие болып табылады. Ал жаман қасиеттері - қызғаншақ, сатқын, кейде шыдамсыз, қырсықтау.

Айта кетейік, қазақ халқының мүшелдік жыл санауы тышқан жылынан басталады. Ол келесі жылы 22 наурызда кіреді.

2019 жыл қазақстандықтар үшін ауыр аяқталды. Алматыда ұшақ апатының болуына байланысты президент 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста