Түсіңізде қайтыс болған адаммен жанжалдасу ненің белгісі болуы мүмкін
Адамдар "түсіңде не көрсең, өңіңде сол болуы мүмкін" деген қағадиға сеніп жатады. Ал түсіңізде әлдекіммен сөзге келіп қалсаңыз немесе түсіңізде қайтыс болған адаммен ұрыссаңыз ол ненің белгісі болуы мүмкін? Осы орайда KAZ.NUR.KZ аталған тақырып төңірегінде белгілі түс жорушылардың болжамын назарға ұсынады.
Миллердің түс жорамалы
Америкалық жазушы әрі қоғам қайраткері Гюстав Миллер мұндай түсті жорғанда түсті кім көргенін негізге алу керек дейді: Мысалы түсінде жас адам ұрысып жатса, онда көп ұзамай өміріңізде сәтсіздіктер орын алады деген сөз. Ал тұрмыстағы әйел түсінде ұрыс көрсе, онда ол өңінде жұбайымен ұрысып қалуы әбден мүмкін. Егер түсіңізде басқа біреулердің ұрысып жатқанын көрсеңіз – ол жамандықтың белгісі. Демек өмірде жұмыста немесе бизнесте қиындықтарға тап боласыз деген сөз.
Ванганың түс жорамалы
Болгарияның әйгілі көріпкелі Ванга түсіңізде ұрыс-жанжалды көруге қатысты түрлі болжамдарды айтып кеткен: Түсте ұрысу – біреуден көңіліңіз қалады деген сөз. Егер түсіңізде басқа бір адамдардың ұрысқанын көрсеңіз, онда жақындарыңыздан көңіліңіз қалып, қиындықтарға тап боласыз деп болжам бар. Түсіңізде бейтаныс адаммен ұрысып жатсаңыз, онда жақын арада біреумен танысып, онымен достатасыз деген сөз. Түсіңізде қайтыс болған адаммен ұрысу да жақсылықтың белгісі емес. Демек отбасыңызда ұрыс-жанжал орын алып, өміріңізде қиын сәттерді бастан кешіресіз деген сөз. Түсіңізде жұмыстағы басшыңыз сізге ұрысып жатса, онда жұмысыңыз күрт көбейіп, қауырт қызметтің астында қаласыз деген сөз. Немесе жұмысыңыз өзіңізге ұнамай, көп ұзамай оны ауыстырасыз деген сөз. Түсіңізде қайтыс болған адаммен ұрысу ненің белгісі болуы мүмкін.
Фрейдтің түс жорамалы
Австрияның атақты психоаналитигі Зигмунд Фрейд түсте ұрысуға қатысты келесідегідей болжамдарды айтқан: Егер сіз түсіңізде біреумен айғайласып, ұрысып жатсаңыз онда сіз жыныстық қатынасқа қатысты өміріңізге көңіліңіз толмай жүр деген сөз. Ал егер түсіңізде біреу сізге ұрсып жатса, онда сізді біреулер жыныстық қатынасқа түсуге итермелейді деген сөз. Түсіңізде өмірде ұрысып қалған сүйіктіңізбен ұрысып жатсаңыз, онда көп ұзамай татуласасыздар деген сөз.
Лоффтың түс жорамалы
Түсіңізде туыстарыңызбен ұрысып жату нені білдіруі мүмкін? Дэвид Лофф өзінің түс жорамалында оған мынадай түсініктеме берген: Егер түсіңізде ағаңызбен ұрыссаңыз демек отбасында кикілжіңдер болады деген сөз. Сол үшін туған-туыстарыңызбен қарым-қатыныңызды түзеп, мүмкін болса кешірім сұрағаныңыз абзал. Түсіңізде анаңызбен сөзге келу – демек сіз оны қатты жақсы көресіз және оның денсаулығына алаңдап жүрсіз немесе анаңызға шынымен денсаулығына көңіл бөлген жөн деген сөз. Сол себепті анаңызды медициналық тексерістен өткізуге көндіргеніңіз дұрыс. Түсіңізде әжеңізбен ұрыссаңыз – онда жаңа танысқан адамдардан абай болған жөн деген мағынаны білдіреді.
Ислам түс жорамалы
Ислам түс жорамалы бойынша түсіңізде ұрысу қандай мағынаны білдіруі мүмкін? Ислам түс жорамалына сәйкес, түсіңізде ұрыс көру қиындықтың, жамандықтың немесе алаңдаудың белгісі. Егер түсіңізде басқа адамдардың ұрысын көрсеңіз, онда өміріңізде қиын жағдай орын алады деген сөз. Көп жағдайда ол отбасыңыз, жұмыс немесе қаржыға байланысты болуы мүмкін.
Цветковтың түс жорамалы Астролог, хиромант және оккультист
Евгений Цветковтың жорамалы бойынша түсте ұрысу жамандықтың белгісі болуы ықтимал. Маманның сөзінше оның түс жорамалы түсіңізде кіммен ұрысқанға байланыс дейді: Егер түсіңізде танымайтын адаммен ұрыссаңыз, онда сізде жаңа хобби пайда болады деген сөз. Егер жас бойжеткен түсінде сүйіктісімен ұрысса, онда ол өмірде жақын адамынан немесе қымбат, бағалы затынан айырылады деген сөз.