Түс туралы қызықты деректер

Түс туралы қызықты деректер

Көргеніміз ғана түсімізге енеді. 

Түсімізде мүлдем бейтаныс адамдар пайда болады. Шын мәнінде, бұл қаншалықты қарама-қайшы болса да, түсімізде білетін нәрсемізді ғана көретіндігімізді ұмытпаңыздар. Мәселен, бір күнде жүздеген адам жанымыздан өтеді және әр көрген жат адамымыз санамызда сақталып қалады. Іс жүзінде «қажет емес» ақпаратты тез ұмытамыз, десек те миымыз түс көру барысында бұл көріністерді қайта есімізге салады.
 
Түсті барлық дені сау адам көреді.
 
Барлық адам (психикалық ауытқулары бар адамдардан басқа) түс көреді, алайда зерттеулерге сәйкес, ерлер мен әйелдер түсті әрқалай көреді екен. Ер адамдар, негізінен, өз жынысының өкілдерін көрсе, ал әйелдер түсінде екі жыныстың да өкілдерін бірдей көреді.
 
Зағип жандар да түс көреді.
 
Егер адам туылғаннан кейін көру қабілетін жоғалтса, онда ол өмір бойы «өткен өміріндегі» бейнелерді түсінде көре алады, ал туғаннан зағип жандардың түстері дыбыстарға, иістерге және әсерлі сезімдерге толы болады.
 
Түс невроздың алдын алады.
 
Түс – қалауымыздың көрінісі. Ол жүйке жүйемізді қорғауға көмектеседі. Бір топ психолог еріктілер тобына күніне 8 сағат ұйықтауға рұқсат етіп, түс көру кезеңі орын алған сәтте оларды оятып отырған. Біраз уақыттан кейін еріктілердің тәуліктің әдеттегі уақытында галлюцинацияға салынып, себепсіз ашуланып, агрессия танытқандығын байқаған.
 
Психикалық ауытқуларды түс арқылы анықтауға болады.
Паркинсон мен шизофрения сияқты психикалық аурулар алғашқы белгілерден бұрын адамға түс арқылы сезіледі. Себебі, бұл аурулармен ауыратын науқастар үнемі қорқынышты түстер көреді, әсіресе ол түстегі айқайлардан, соққылардан әрі көз жасын көлдетуден байқалады.
  syrlasu.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста