Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы Пунинг қаласының тұрғындары сирек кездесетін және ерекше әдемі табиғат құбылысының куәсі болды. Олар түрлі түске боялған бұлт үйіндісінің көрінісін бейнежазбаға түсіріп алған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Stan.kz тілшісі CGTN порталына сілтеме жасап жазды.
Видеодағы құбылыс – Пилеус бұлтының көрінісі. Ол қалпақ тәрізді, көлемі қалыпты бұлттардан үлкенірек болады. Олар өте динамикалық түрде пішінін тез өзгертеді.
Ал Қытай аспанында пайда болған бұлттың бұл көрінісі күн сәулелері су тамшыларында түскен соң, ол кемпірқосақ әсерін тудырып, бұлттарға сондай түс берген.