Туған күніңіздің соңғы саны қандай?

0: тұйық, жуас, білімді
Сіз көп ашыла бермейміз, бірақ өте білімдісіз. Жуас мінезіңізді көп адам жасқаншақтыққа теңеп жатады. Алайда, сізде де жасырынған тік мінез бар. Біліміңізді көп жерде қолданбайсыз.

1: жомарт, адамгершілігі мол
Сіз тек жақсы қасиеттерге ұмтыласыз. Өзіңізге үлкен талаптар қоясыз. Еңбекқор адамсыз. Менмен емессіз. Сыңарыңызды сыйлап, жақсы көресіз. Тіпті сезіміңізді ойыншыққа айналдырып, тастап кетсе де, оны ұзақ уақыт бойы ұмыта алмайсыз.

2: тартымды, шыншыл
Сіз жауапкершілікке бей-жай қарайтын адам емессіз. Өзгелерге қамқорсыз. Жұмысты «таза» орындауға тырысып, мойыныңызға көп міндет жүктеп аласыз. Мінезіңіз жақсы. Адамдар сізге сенеді. Сіз тез ойлап, тез әрекеттенуге дағдыланғансыз. Өткір тілді адам болғандықтан, таныс емес ортада да айтарға сөз табасыз.

3: ақылды, ойшыл
Сіз көп ойланасыз. Идеяларыңыз бен ойларыңыз сіз үшін өте маңызды. Белгілі бір мәселені шешу үшін жалғыз қалып, ойланғанды жақсы көресіз. Сіз &ndash интровертсіз. Ойланып, білім алуға құштар адамдармен тіл табыса аласыз. Адамгершілік туралы ойлануға көп уақыт жұмсайсыз. «Дұрыс жолмен» жүруге тырысасыз. Қоғамның пікіріне тәуелді емессіз.

4: зерек, философ
Сіздей адам бұл әлемде жоқ. Тіпті ұқсайтын адам да жоқ. Сіздің интуицияңыз жақсы дамыған. Көп адам сізді дұрыс түсінбейді. Мұндай жайттарды жүрекке жақын қабылдайсыз. Жеке кеңістікті қажет етесіз. Өз шығармашылығыңызды дамытуға тырысасыз. Өте сезімталсыз.

5: сенімді
Сіз &ndash тәуелсіз адамсыз. «Бәрін өзім істеймін» деп үйренгенсіз. Өзіңізге ғана сенесіз. Өз мақсаттарыңызға жету үшін бас көтермей еңбек етуге даярсыз. Жақындарыңыз үшін бәріне қол жеткізуге тырысасыз. Олардың сізге тек шындықты айтып, адал болғанын талап етесіз. Кез келген ақиқат, пікір мен сынға дайынсыз.

6: тартымды, энергиясы мол
Сіз ашық жүзді, көңілді адамсыз. Әлеммен «гармония» орнатуға тырысасыз. Аяқ астынан шешім қабылдауға бейімсіз. Өмірге ғашықсыз. Адамдарды таңғалдырып жүресіз. Көптеген нәрсеге қызыға қарайсыз.

7: бақытты, сабырлы
Сіз сезімтал адамсыз. Өзгелерді түсінуге тырысасыз. Әр адамның өз тағдыры бар екеніне сенесіз. Кез келген адам қателіктер жасайтынын түсінесіз. Адамдарды, өмірде болатын жайттарды сабырмен қабылдайсыз. Көп уайымдамайсыз.

8: мейірімді, сезімтал
Адамдармен тез тіл табыса аласыз. Айналаңызда дос, жолдастарыңыз көп. Оларға көмектесіп, жақсы дос болуға тырысасыз. Сіздің аураңыз ашық әрі жылы. Адамдар жаныңызда өзін қауіпсіз сезінеді. Сізге сенеді. Ерекше болуға тырысасыз. Махаббатқа құштар жансыз.

9: оптимист, жолы ашық
Өмірді қымбат сый деп бағалайсыз. Жетістіктеріңізді мақтан тұтасыз. Жақсы көретін адамдарыңызды бақытты етуге тырысасыз. Өмірді мәнді етіп өткізгіңіз келеді. Өсіп-дамуға барыңызды саласыз.

newsroom.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста