Тозаққа барып қайтқандар
Көбінесе, клиникалық өлімнен кейін адамдар жағымдыоқиғаларын айтады. Планетадан тыс жарық, мейірімді жандармен қарым-қатынас, бақыт сезімі туралы әңгімелер өте көп кездеседі. Бірақ, кейде қайғы-қасірет пен үмітсіздікке толы қорқынышты жерді көретін адамдар да бар, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вugin.kz-ке сілтеме жасап.
Орегондық инженердің көмекшісі Томас Уэлч болашақ ағаш кесетін зауытта жұмыс істеп жатқан кезде сүрініп, биіктіктен құлап, ағаш тіректерге соғылып, суға кетеді. Мұны бірнеше адам көріп, дереу іздеу жұмыстарын ұйымдастырады. Шамамен бір сағаттан кейін оны тауып алып, есін жидыру үшін әуреленеді. Бірақ бұл кезеңде Томастың жаны трагедия орнынан әлдеқашан алыстап кеткен еді. Оның жаны көпірлерден құлап ол күтпеген жерден үлкен отты мұхитты көреді.
Бұл көрініс оны таң қалдырды, қорқыныш сезімі өне бойын билеп, не істерін білмейді. Оның айналасына созылған оттың көлдің үлкендігі соншалық, бүкіл кеңістікті алып жатты. Әрі қайнап, шуылдаған дауысы естіледі. Ішінде ешкім жоқ болса да, Томас оны шеттен бақылап тұрады. Бірақ, көлдің өзінде емес, айналасында адамдар өте көп болды. Томас онымен сөйлеспесе де, жиналғандардың бірін тани кетеді. Бір кездері бірге оқыған бала кезінде қатерлі ісік ауруынан қайтыс болған танысын байқайды. Айналадағы адамдар әлдебір ойға шомып, жанындағы жан түршігерлік отты көлдің көрінісінен абдырап қалғандай болады. Томастың өзі олармен бірге тұтқында отырғанын түсінді. Әрі ол жерден шығар жол жоқ еді. Ондай жердің барын алдын ала білген болса, көзі тірісінде бұл жерге қайтып келмеу үшін қолдан келгеннің бәрін істеуге тырысар едім деп ойлады. Осы ойлар басынан өткен бойда алдынан періште пайда болды. Томас қуанып кетеді. Өйткені періште осы жерден шығуға көмектесетініне сенді, бірақ көмек сұрауға батылы жетпейді. Періште оған назар аудармастан өтіп кетеді, бірақ кетер алдында бұрылып, оған қарайды. Томастың жаны осы сәтте тәніне оралады. Ол жақын маңдағы адамдардың даусын естіп, содан кейін көзін ашып, сөйлейді.
Бұл жағдай Мориц С.Рулингстің «Өлім табалдырығынан тыс» кітабында сипатталған. Онда сіз клиникалық өлім кезінде жандардың тозаққа қалай түскені туралы тағы бірнеше әңгімелерді оқи аласыз.
Тағы бір науқас ұйқы безінің қабынуынан қатты ауырады. Оған дәрілер де көмектеспейді. Нәтижесінде ол есін жоғалтады. Бір күні ол аяғы жерге тимей, ғарышта қалқып жүргендей ұзын туннель арқылы белгісіз бақытқа жол алады. Бұл жер қорқынышты дыбыстар қатты шығатын үңгірге өте ұқсас болады. Оның жанында зұлым адамдар пайда болады. Қиналып жатқан адам оған қарап «Мені құтқар!» деп айғайлайды. Осы сәтте бірден ақ киім киген адам пайда болып, оған қарайды. Ол басқаша өмір сүру керек екенін сезінеді. Ер адамның есінде басқа ештеңе қалмайды. Бәлкім, сана сол жерде көрген сұмдықтың бәрін жадында сақтағысы келмеген болар.