Төсек тартып қалған ресейлік қыз Түркістан облысындағы әулиеге келген соң жүріп кетті

Түркістан облысы, Созақ ауданындағы Қарабура әулие кесенесінің тарихы тереңде. Шырақшының айтуынша, кіші жүз ұрпағының бабасы саналатын Қарабура шыншыл жан болған. Тіпті оның киесі де бар дегенді алға тартты. Мұнда зиярат етушілер түрлі дерттерінен сауығып кетеді екен. Бұл туралы zynqala.kz тілшісі Созақ өңіріне барған сапары барысында біліп қайтты.Әулие туралы аңызТарихи деректерге сүйенсек, Қарабура Орта Азияда ислам дінінің орнығуына ықпал еткен әулие болған. Қожа Ахмет Ясауидің замандасы. Ол ХІ-ХІІ ғасырда өмір сүрген. Кейбір аңыздарда, әулиенің шын есімі Хасан хан деп аталады. Кесене шырақшысының айтуынша, Қарабура әулие Қ.Ясауидің жаназасын шығарған.«Қ.Ясауи шәкірттері ол кісіден сіздің жаназаңызды кім шығарады?» деп сұрақ қойғанда Ясауи қарт Қаратаудан Қарабура деген әулиенің келетінін айтқан екен. Ясауи қайтыс болғанда ол түйесімен барып, жуындырып, жаназасын шығарады да, ешкімге есімін де айтпай еліне қайтқан екен»,- деді шырақшы Сейфулла Өмірбеков.Қарабура әулиенің нақты қайтыс болған жылы белгісіз. Кейбір аңыздарда 1174-1184 жылдар аралығында өмірден озған деген дерек бар. Денесі Созаққа жерленген. Кесене тарихы…Каншама ғасырлық тарихы бар кесене 1997 жылы шымкенттік Ержан Құралов есімді азаматтың себепші болуымен жаңартылған. Бүгінде оның аумағы 40 сотық жерді алып жатыр. Биіктігі — 17 метр. Оның есігі күн батысқа қарай, яғни, Қ.Ясауи кесенесіне қаратылған. Қарабура зираты төрдегі бөлмеде орналасқан. Оның оң жағында Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с), Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Баба Түкті шашты Әзіз және тағы да басқа бабалардың зират басынан әкелінген топырақтары қойылған мәрмәр тас белгілер бар. Кесене ауласынан қазақтан шыққан батыр, билер мен жыршылардың құрметіне қойылған тақтайшаларды көруге болады. Бәрінің топырағы олардың зиратынан әкелінген. Бас аяғы 670-тей тас белгі кесененің екі жаны мен артын қоршап тұр. Жуырда бұл жерге қазақ хандығының соңғы ханы Кенесарының қарындасы Бопайдың зиратынан топырағы әкелініп, тас белгі орнатылмақ.Киелі орын ауласына кірген бойда сол жақта алып түйенің ескерткіші қойылған. Ол кезінде түйемен жүрген Қарабураның құрметіне, яғни, кесене күзетшісі ретінде қойылған екен.Венгрия мен Германиядан да келушілер көпШырақшы Сейфулла Өмірбеков Қарабура кесенесіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен, көршілес жатқан Қырғызстан, Өзбектан, Ресейден келетіндер көп дегенді алға тартты. Тіпті Германия мен Венгриядан да киелі орынды арнайы іздеп келетіндер саны аз емес. Өкініштісі, зиярат етушілер саны тек күн жылы уақытта артады, күніне 50-60 адам түнеп кетеді екен. Ал қыстың күндері жол жабық. Келу қиындық тудырады. Айтпақшы, кесене маңында 100 орындық қонақүй орналасқан. Ең қызығы, ақысыз. Кез келген келуші келіп түней береді. Ал егер топ болып зиярат етушілер келсе (он адамнан көп), әрқайсысы отын мен суға 300 теңге төлейді. Шырақшының айтуынша, кесенеге мемлекет есебінен қаржы бөлінбейді. Зиярат етушілердің жәшікке ниет етіп тастаған және қонақүйге төлеген қаржысы жөндеу мен өзге де қажеттіліктерге жұмсалады. Шырақшы мен аспаздың, күзетшінің жалақасы да соның ішінде. Шырақшы: «Келушілер ниет етіп тастап кеткен матаға дейін тиіспейміз»Әңгіме барысында шырақшы киелі орындағы тылсым күштің барын да ашып айтты.«Зиярат етушілер жәшікке не кесене ішіндегі талдың астына ақша тастап кетеді. Тіпті кейде біз құран оқысақ, қолымызға ақша ұстатады. Бірақ, оны өз қалтамызға салмаймыз. Неге дейсіз ғой? Егер алатын болсақ, өзім не балаларым ауырып шығады» деген шырақшы мынандай бір тылсым оқиғаның орын алғанын айтты.«Қазіргі күзетшінің әкесі 20 жылдай осында жұмыс істеген. Қабір басына ниет етіп келгендер бір орама ақ мата жауып кетіпті. Пенде ғой, ешкім қалмаған кезде әлгі кісі оны үйіне алып барған екен. Кешке кесене жанындағы үйге келіп, есікті ішінен құлыптап, ұйқыға кеткен. Қазақта бастырылып қалыпты деген бар ғой. Тура сондай, түннің бір ортасында сықыр деген дауыс естіліп, үйге үлкен түйе кіріп келіп, әлгіні қылқындыра бастапты. «Сен осы әрекетің үшін Алла алдында жауап бересің» деп ескерту жасап кеткен. Таңертең мен келдім кесенеге, оның түрі сұрланып кеткен. Содан ол, «Ойбай, алтын берсең де алмаймын» деп, мал сойып, құран оқытты. Үйіне алып кеткен орама ақ матаның қасына тағы біреуін қосып әкелді. Міне, көрдіңіз бе, әулиенің киесі қандай?» деген шырақшы киелі орында мал сойылса да, дәреті бар қасапшы соймаса, сырқаттанатынын жеткізді. Өз сөзінде Сейфулла Өмірбеков ниет етушілер әкелген кілем, мата дегеннің барлығы ауылдың жағдайы төмен отбасыларына берілетінін айтты. Төсек тартып қалған ресейлік ару Қарабура кесенесін 6 жыл іздегенКесенеге келушілер түрлі ниетпен келеді. Көбі деніне саулық сұраса, бірі бала көтеруін Алладан тілейді. Әңгіме барысында шырақшы өзі куә болған мына бір жағдайды баяндап берді.«Екі ай бұрын Ресейден 16 жастағы орыс қызы анасымен келді. Осыдан алты жыл бұрын әкесі үйіне ішіп келіп, ұйықтап жатқан қызының үстінен аттап өтіп шешесін ұрған екен. Қызы шошынып қалған ғой, содан орнынан тұра алмай, төсек тартып жатып қалыпты. Жүру былай тұрсын, отыра да алмайды. Апармаған жері қалмаған. Бір күні қыз түс көрген ғой. Үйіндегілерге: «Түсімде Қарабура деген жерге барыппын. Кесенеде үлкен тал бар, соған арқаммен отырып, ұйықтап кетіппін. Оянсам, белім жазылып, кәдімгідей жүрмін» деген екен. Содан туыстарымен жабылып Қарабураны іздеген. Алты жыл бойы. Ресейліктер Қазақстан деген жердің барын білгенімен, Созақты, соның ішінде Қарабураны қайдан білсін? Осында үш күн түнеп, аяқтан тұрып кетті»,-деді шырақшы.Пештің көсеуімен аяқтан тұрған «Айта берсем, мұндай оқиғалар көп» деп әңгімесін жалғаған шырақшы тағы бір оқиғаны айтып берді.«Бірде бір топ зиярат етушілер келді. Арасында Жезқазғаннан бір кісі бар. Ол 5-6 жыл бұрын еш себепсіз бүкір боп қалған екен. Топты бастап келгендердің арасында қостанайлық емші жас келіншек бар. Қыстың күні, боран. Кесене жанындағы үйге орналасты. Пеш жағып қойғанбыз. Әлгі келіншек қызып тұрған шоққа көсеуді қыздырды да тілімен жалап түсті. Біз қорқып кеттік. Сөйтті де әлгі науқасқа «түф» деп үш рет түкірді. Үш күн кесенеде түнеді олар. Сенесіз бе, бүкір ер кісі жазылып кетті. Ең қызығы, емшіге ешнәрсе болған жоқ. Әйтпесе қызып тұрған көсеу тілін сұлатып түсірер еді» деп таңқалған сәтін баяндады ол.Жыл сайын ас беріледіҚарабура кесенесінде әр жылдың маусым айында жан-жақтағы әулие ұпақтары жиналып, ас беріледі. Шығынды әр облыстағылар кезекпен көтереді. Кейде жеке өз аттарынан құран оқытатындар бар. Мәселен, осыдан төрт жыл бұрын танымал актер Асанәлі Әшімов отбасымен бірге келіп, Қарабура әулие ұрпақтарын жинаған. Ал биыл экс-шенеунік, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бүгінде кәсіпкер Болатбек Әлиев екі мыңға жуық адамның басын қосып ас берген. Шырақшы Сейфулла Өмірбеков сөзінің соңында ас беру рәсіміне бұрындары тек Қазақстан аумағындағы Қарабура ұрпақтары жиналса, бүгінде Қырғызстан, Өзбекстан, тіпті Қытай елінен арнайы келіп қатысады дегенді жеткізді.P.S. Қарабура әулие кесенесі Шымкенттен 257 шақырымдық жерде, Созақ ауданындағы Созақ ауылында орналасқан. zynqala.kz
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста