Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисте: “Егер біреулерің өзінен, мал-дүниесінен, не бауырынан көз қуантып, сүйсіндіретін нəрсе көрсе, оған береке тілеп дұға қылсын. Өйткені, тіл-көз тию ол – шындық” деген.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисте: “Егер біреулерің өзінен, мал-дүниесінен, не бауырынан көз қуантып, сүйсіндіретін нəрсе көрсе, оған береке тілеп дұға қылсын. Өйткені, тіл-көз тию ол – шындық” деген. Алла Тағала Құранда: “Бағыңа кірген кезде: “Бұл – Алланың қалауы. Алласыз ешбір қуат жоқ”, деп айтқаныңда еді”, деген.
Аят пен хадиске сүйене отырып сұқ көзден сақтайтын сөздерді жаттап алыңыз. Өзіңіз бір нəрсеге, не біреуге таң қалып, мақтасаңыз немесе сізді не балаңызды біреу мадақтаса осы сөздер арқылы тіл-көзден қорғана аласыз, деп жазды Мұхамеджан Тазабек желідегі парақшасында.
Бірінші, “барака Алла”. “Бəрекелді”.
(Алла береке берсін)
Екінші, “мə шəə Алла. Лə қууəтə иллə биллəһ”.
(Бұл – Алланың қалауы. Алласыз ешбір қуат жоқ).
Үшінші, мə шəə Алла”.
(Бұл – Алланың қалауы)
Stan.kz