Тасқа айналған қыздар

Иә, қырық қыз туралы аңыз көп. Әрқайсысы әртүрлі айтылады. Соның бірі Оңтүс­тік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Өгем өзенінің жаға­лауын­дағы ғажайып тас мү­сін­дерге қатысты айтыла­ды.

Ауданның ардақты азаматтарының бірі Әбдіхалық Байдәулетов өз кітабында бы­лай деп баяндайды: аңыз бойынша ханның қыз ұзату тойының салтанаты өтіп жатқанда тосыннан жау әскері шабуыл жасап, ер- азаматтардың барлығын жай­ра­тады. Мал-мүліктерді талап, таңдаулы де­ген қырық қызды ұстап, елдеріне әкет­келі жатқанда қыздар қолдарын көкке жайып, Құдіретке «жатқа қор қылғанша сүйегіміз өз елімізде, жерімізде қалсын, бізді тас қыл» деп жалбарынған екен. Ақыры қыздардың ниеттері қабыл болып, бәрі бірге тасқа айналған деседі.

. Мұнда да жаугершілік заманы тілге тиек етіледі. Бір ерекшелігі, осы мүсін­дер маңында алшақтау тұрған жеке тас мүсін бар. Бұл жөнінде ел арасында екі түрлі болжам бар. Бірінде оны күйеу тас десе, екіншісінде қыздарды іздеп шық­қан ақ кимешекті ана деседі. Ел осы араны қасиетті орынға санап, қастерлеп жүреді.

Қырық қыз туралы аңыз көрші қырғыз фольклорында да көптеп кездеседі. Про­фес­сор Сұлтанғали Садырбайұлы өзінің еңбегінде мынадай деректерді алға тарта­ды: «Қырық қыз» туралы аңыздың бірі «Мұ­зарт тауы» деп аталады. Мұзарт Қыр­ғыз еліндегі тау аты, мұзды тау дегенді біл­діреді. Ол Нарын облысының Жұмғал ауда­ны мен Қошқарата тауының ортасын­да тұр. Өткен заманда қырық қыз Қош­қарата жаққа тойға бармақшы болып, Жұм­ғал жақтан шығады. Олар ауылдан шыққанда аспан ашық, тауда шөкімдей де бұлт болмайды. Қыздар тойға барамыз деп, сәнденіп, жеңіл-желпі киініп шығады. Бұлар ауылдан қозыкөш ұзап шыққан соң биік таулардың басына көтеріледі. Сол кезде қарсы беттен ақтүтек боран соғады. Айнала сұрғылт тұман басады. Ілгері жүре­йін десе сасқалақтай бастайды. Кері қарай жүруге болмайды. Енді не істеу керек? Қы­рық қыз аттарының басын түйіс­тіріп, біріне бірі ықтап, қорғана бастайды. Бірақ ессіз тауда оларды кім аясын, таудың іші ұлыған үрейлі үнге толып кетеді. Сол жерде Мұзарт тауының басында қырық қыздың 39-ы мұз­ға айналып, тек түйе жүн, жыртық ша­пан киген кедейдің қызы ғана аман қалып­ты.

Екі туысқан елдің аңыз-әфсаналарында осындай ұқсастықтар кездеседі. Барлық жерде қырық қыздың аянышты тағдыры айтылады. Бұл көрші жатқан туысқан ел­дердің салт-дәстүріндегі ұқсастықтардың көптігінен болса керек-ті. Бәлкім, бұл қа­зақ пен қырғыз халықтарының 40 санын киелі санайтындықтарынан да болар. Қырық санына қатысты ырым-тыйымдар­дың да, мақал-мәтелдердің де жиі кезде­сетіні бекер емес. Әйтеуір, әр аңыздың тү­бін­де бір шындықтың бары ақиқат.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста