Су перісінің қыз айналдырған екен

Су перісінің қыз айналдырған екен

Жақында әлеуметтік желілерден Гүлмира Затайқызының су перісі жайлы жазғанын оқып, есіме өзім куә болған бір оқиға түсті.

 

«Түнде әйел баласы суға бармайды дейді. Демек суды жын-шайтан жағалайды деген ұғым болғаны да. Бала кезімде бір үйдің 17 жасар қызы мектепті бітірейін деп тұрған кезінде жаман кеселге ұрынғанын естігенмін. Таңертең соңғы қоңырауға кететін болған соң, әлгі қыз сіңлілерінің, әке-шешесінің кір-қоңын жуа салайын деп, екі шелекті екі білегіне іле салып, үйден жүз метр жерде ағып жатқан бастаудан су әкелмекші болған. Он минутта келетін жерден жарты сағатқа кешіккен соң, артынан іздеп барғандар шашы қобырап жайылып кеткен, көзі алақ-жұлақ етіп, топыраққа басын жуып отырған қыздың үстінен түседі. Есін бір жиғанда айтқаны – суға еңкейгенде мойнына аппақ қыз оратылған екен. Қайтып есін жия алмай кетті байғұс қыз. Көрсетпеген бақсы-балгер қалмады. Бірақ ем қонбады. Өрімдей қыз осылай  қор болды. Қазір жасы 50-ден асты, әлі күнге 5 жасар қыздың әңгімесін айтады.

Су перісі ұрған депті молдалар.

Кешке суға баруға болмайды. Ымыртта әйел баласы жалаңбас далаға шықпасын деген тиымдарға өз басым сенемін», – деп жазыпты Г. Затайқызы.

 

Өзім куә болған ұмытыла бастаған оқиға осыдан кейін еске түсті. Менің бөлемді су патшасы Сүлейменнің қызы тартып әкете алмай, бір жақ аяқ-қолы өзіне бағынбайтын болып қалған. Әлі қырқынан шықпаған бесіктегі ұл баланы әке-шешесі кешкісін көз байлана бастаған шақта үйінде бір өзін қалдырып, өздері бала оянғанша қыдырып қайтпақ болыпты. Бесіктің басына – жастығының астына пышақ, қайшы не шырпы да тастамаған.

 

Әке-шешесі жас, жаңа қосылған жандар еді. Театрдан қайтып келсе, бала аузынан ақ көбік ағып, тыныс алуы қиындап булығып жатыр дейді. Мұны естігенде менің ата-анам дереу молда әкелді. Молда баланың және менің ата-анама: «Төртеуің төрт бұрышқа отырыңдар. Қозғалмаңдар! Мен не істесем де – Құран оқып отырғанда қиналсам да жақындамандар!» – деп айтыпты. Баланы үйдің ортасына ортаға көрпеге жатқызып, қамшысын қолына алып, дұға-сүрелерді оқи бастағанда тамақ асты тамырлары білеуленіп, қылқынып, қатты қиналыпты. Біреумен алысқандай болған молда дұғасын тоқтатпай, қамшымен текеметті, бала жатқан көрпені тоқтамай сабап отырып, бір қолымен жейдесінің түймелерін ағытқан. Таңға қарай – күн шыға молда құр сүлдесі су сорғандай болып аяқтапты. Шүмектеп аққан терден отырған орны шылқып, әлсіреп әзер тұрып, баланы қолына алып, анасына табыстапты.

 

Тұмар жазып мойнына тағып беріпті.

 

Әбден есін жиған соң молда: «Иесіз үйге жаңа туған сәбиді тастап кеткенде Сүлеймен патшаның қызы келіп, алып кетпекші болды. Мені қылқындырды, алыстық, арпалыстық. Қамшы мен оқыған дұғаларыммен әзер баланы алып қалдым. Бірақ пері қыз тартқан қолы мен аяғы кемтар болып қалды», – депті.

 

Сол бөлем шынымен кемтар болды. Қираландап бір аяғын сүйретіп, сау қолымен бағынбайтын қолын қатты қысып жүретін марқұм. Өмірі ұзақ болмады, жігіт шағында өмірден өтті. «Су перісі ғой келген», – деп, анам оқиғаны өз көзімен көргенін айтып, әлі күнге күрсініп отырады.

 

Баланы періден құтқарған молда атақты Бала қажы еді. Бала кезінде Меккеге барып, осы атаққа ие болған жан. Майқұдықтағы мешітке есімі берілді. Жаны жәннатта болсын. Осы оқиғадан кейін біздің ауылдың үлкендері түнде суға баруға болмайды деп құлағымызға құйып өсті.

 

 

Гүлжамал ӘБЕН

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста